Архив событий

24/06/2016

Әскери сотта ҚР мемлекеттік қызметшілер күні мейрамына қатысты салтанатты жиын өтті.

24/06/2016

2016 жылғы 23 маусымда Әскери Соттың әкімшісінде ҚР мемлекеттік қызметшілер күні мейрамына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Сот әкімшісінің барлық қызметкерлрені қатысты.

«Заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі»

24/06/2016

Алматы гарнизонының әскери сотында «Заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұған Қазақстан Республикасының Әскери сотының судьясы, Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Н.Ж.Жайлаубай және судьялары Б.А.Исабекова, Д.О.Алиаскаров, К.З.Естай, Алматы гарнизонының әскери прокуроры Т.Б.Саткен және Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Жаңартылған сотқа келушiлерді өткiзу қағидалары талқыланды

24/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандары  Астана қаласының  мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметкері полиция аға лейтенанты  Д.С.Нумановпен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшысының 2016 жылғы «3» мамырдағы №6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылгы «5» мамырдағы № 489 бірлескен бүйрығымен бекітілген Келушiлер үшiн өткiзу және объектiтiлiк режимдердi қамтамасыз ет

Сот залынан

24/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен  ҚР ҚК-нің 451 бабының 1 бөлігімен айыпталған 12740 әскери бөлімінің әскери қызметкері капитан А.А.Сеитовқа қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

24/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен ашық көшпелі сот талқылауында әскери қызметкер Е.Р.Карамысовқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Осыған орай, 2016 жылғы 23 маусымында шығарылған қаулы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 447 бабының 1 бөлігімен айыпталған Карамысов Ерлик Рахымбекович Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68 бабының 1 бөлігіне сәйкес жәбірленушіменен медиация тәртібімен татуласқанына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірісімен қысқартылды.

Әскери қызметке келген жас сарбаздармен жүздесу.

24/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С. Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлімінде болып, мерзімді әскери қызметке осы жылғы мамыр айының аяғында келген жас сарбаздармен кездесті.

«Заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі»

24/06/2016

Алматы гарнизонының әскери сотында «Заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар сабағы өтті. Оған Қазақстан Республикасының Әскери сотының судьясы Ч.И.Майшибаев, Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Н.Ж.Жайлаубай және судьялары Б.А.Исабекова, Д.О.Алиаскаров, К.З.Естай қатысты.

«Сот кабинеті» сервисі бойынша оқу семинары

24/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының кеңсе жетекші маманы А.Қ. Серікбаева ҚР-ның Ұлттық ұланның 52859 әскери бөлім қызметшілеріне «Сот кабинеті» атты айдарында семинар оқу өткізді.

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

24/06/2016

Бүгін Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов  республикалық және аймақтық БАҚ басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Даниал Вахитович БАҚ өкілдеріне олардың белсенді қызметі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта сот билігі органдарымен бұқаралық ақпарат құралдары сот билігінің беделін көтеруге бағытталған тығыз қарым-қатынасты жалғастыратынына сенімділігін білдірді.

Ұлттық мұрағат қоры және ведомстволық мұрағаттар туралы семинар

24/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «ҚР Жоғарғы Соты аппаратының және соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағида, ведомстволық мұрағат туралы ереже және сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар тізбесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

«Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

24/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Г.К.Мынбатыров, судьялар Туленова Ж.С., Г.Т.Усманова,  және сот қызметкерлері қатысты.

Сот залынан

24/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 22 маусымда ҚК-нің 445 бабының 1 бөлігімен (шекаралық нарядтың құрамына кіретін адамның ҚР Мемлекеттік шекараның қорғау ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болса) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған 2032 санды әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгер М.А. Арбашиновқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Сот қарызды төлеуге міндеттеді...

24/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер 55078 әскери бөлім мемлекетік мекемесі жауапкер Н.С.Сулейменовтан 57 435 теңге мөлшерінде еңбек демалысына қолданған сауықтыруға төленген жәрдемақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай

24/06/2016

2016 жылы 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Ж.Жүнісбеков мемлекеттік қызметшілердің алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын «ең алдымен халық пен мемлекетке адал қызмет ету»,  деп атап көрсетіп әскери  соттың ұжымын мерекелерімен құттықтады. Әскери соттың кеңсесінің барлық қызметкерлері  мемлекеттік қызметшілер болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтай отырып өз міндеттерін адал мінсіз орындайды.

ҚР мемлекеттік қызметші Күнімен құттықтады

24/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 23 маусымда ҚР-сы мемлекеттік қызметші Күніне арнайы әскери соттың төрағасы А.О. Исабековпен жиналыс өткізілді.

Сол жиналыста төраға барлық сот мамандарын осы мейрамымен құттықтады. Ұжымға жұмыс және өмір бойынша жетістік пен жетімдіктерге жетуге тілек білдірді.  

«Ашық есік күні» өткізілді.

24/06/2016

Ағымдағы жылдың 21 маусымда 10 сағаттан 12 сағатқа дейін Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Соттардың әкімшілік ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Т.С. Саламатов, сот және әскери қызметшілердің қатысуларымен «Ашық есік» күнін өткізді.