Әскери қызметке келген жас сарбаздармен жүздесу.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С. Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлімінде болып, мерзімді әскери қызметке осы жылғы мамыр айының аяғында келген жас сарбаздармен кездесті.

Жас құтқарушы-сарбаздармен жүздесу барысында Байжанов олардың тұрмыстық, қызметтік және бір-бірлерімен қарым-қатынастық жағдайларымен  танысты. Сарбаздармен болған әңгімеде олардың әскери қызметке үйреніп келе жатырғандықтарын,  бөлім командованиесінің  адаптациялық мерзімге, яғни әскерге келген жастардың  жауынгерлерлік қатарға қосылу кезеңіне,   аса көңіл бөліп отырғандығы айқындалды.

Әрі қарай, Байжанов, сот тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, жас сарбаздарға әскери заңды және жалпы әскери жарғылардың қағидаларын мүлтіксіз орындау керектігін түсіндірді.

Кездесудің соңында, әскери сот төрағасы  әскерге жаңа келгендерге жауынгерлік дайындықта жетістіктерге жетуге тілек білдірді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі