«Сот кабинеті» сервисі бойынша оқу семинары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды гарнизоны әскери сотының кеңсе жетекші маманы А.Қ. Серікбаева ҚР-ның Ұлттық ұланның 52859 әскери бөлім қызметшілеріне «Сот кабинеті» атты айдарында семинар оқу өткізді.

Семинар барысында «Сот кабинеті» - деген ұғымды қатысушыларға түсіндіріп, қандай жағдайларда және қалай қолданылатынын мәлімдеді. Сондай ақ, осы бағдарлама жүйесімен әр азамат сот актілеріне, басты сот талқылауының хаттамаларына, тағы да басқа сот құжаттарына арыздарын жолдауға, тиісті іс бойынша керекті құжаттарды сұратуға, сот актілеріне сай жолданған атқару парақтары бойынша мәлімет алып отыруға болатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, қолдарында электрондық қол болса, кез келген интернет қосылған компьютерден аталмыш сервис арқылы сотқа тиісті құжаттарды және талап арыздарды жолдауға болатынын мәлімдеп, іс жүзінде көрсетті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар барлық туындаған сұрақтарына жауаптар алды.

          

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі