Жаңартылған сотқа келушiлерді өткiзу қағидалары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандары  Астана қаласының  мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметкері полиция аға лейтенанты  Д.С.Нумановпен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшысының 2016 жылғы «3» мамырдағы №6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылгы «5» мамырдағы № 489 бірлескен бүйрығымен бекітілген Келушiлер үшiн өткiзу және объектiтiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларын талқылады.

Д.С.Нуманов мамандарға жаңартылған келушiлерді өткiзу қағидаларына сәйкес соттар ғимараттарына кіру бір адамға және бір рет келу үшін ғана берілетін пайдаланушының уақытша карточкасы, біржолғы рүқсаттама,  сот кеңсесі ұсынған сот процестеріне қатысушылардың тізбелері негізінде жүзеге асырылатынын түсіндірді. Сот аумағына және ғимаратына қызметкерлердің ауызша өкімі бойынша келушілердің кіруіне, алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаң күйінде кіруіне  жол берілмейді, сонымен қатар бірге жүретін адамсыз келушілер ғимаратқа жіберілмейтінің жеткізді. Сот ғимаратына кірген кезде келушілерге және олардың қол жүгі мен жеке заттарына қатысты бақылаудың арнайы жабдығы мен техникалық құралдары пайдаланыла отырып техникалық бақылау жүзеге асырылатынын жеткізді

Соңында полиция аға лейтенанты Д.С.Нуманов сот  аумағына және ғимаратына алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесін атап өтті.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі