Архив событий

04/06/2016

Түсініктеме жұмысы жүргізіліп жатыр

04/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери соты сот процесіне катысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жургізіліп жатқандығы туралы әскери қызметшілері мен азаматтарды ақпараттандыру жұмыстарын күнделікті жүргізуде.

Медиация тәртібінде татуласу

04/06/2016

31 мамыр 2016 жылы Алматы гарнизоны әскери сотында, медиациялық тәртіппен Ұлттық Ұлан әскери қызметшісі сержант Б.Сақтағанға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот шешімімен тұрғын үй жауапкерге қалдырылды

04/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Өскемен пайдалану бөлім» РММ-нің Д.Т.Жумакановты басқа үй берместен заңсыз тұрып жатқан қызметтік үйден барлық отбасы мүшелерімен қоса шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Оңайлатылған өндіріс тәртібімен қаралды

04/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының судьясы А.О. Исабековпен 2016 жылғы 3 маусымда 44803 санды әскери бөлімнің Қ.С. Бектеновтен 114 247 теңге көлеміндей төленген сауықтыру жәрдемақысын мемлекеттің пайдасына өндіру туралы талап арызы бойынша оңайлатылған (жазбаша) өндіріс тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Іс бойынша сот талқылау өтіп жатқан кезінде жауапкердің әскери қызметтен теріс уәжесімен босатылғаны анықталды (әскери қызметшімен келісім-шарттың талаптарын жүйелі бұзу).

Қазақстан Республикасының Әскери сотында дөңгелек үстел өткізілді.

04/06/2016

Бүгін, Қазақстан Республикасының Әскери сотында судья В.Рычковтың төрағалық етуімен «Қылмыстық істер бойынша сот актілеріне апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру новеллалары және апелляциялық сатыда қарау тәжірибесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Процессуалдық келісімнің жасалу ерекшелігі»

04/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған  Медиа жоспарын орындау мақсатында  судья  Д.А. Алиаскаров әскери бөлімшелерінің заңгерлермен және Алматы гарнизоны Әскери прокуратурасының өкілдерімен «Процессуалдық келісім жасалу ерекшеліктері» тақырыбына  дөңгелек  үстел өткізді.

Семинар сабағы өткізілді

04/06/2016

2 маусым 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотының мамандары арасында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің дайындаған облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта байланысы арқылы жолдауға жататын құжаттардың тізімін» талқылау мақсатында семинар сабағы өткізілді.