Архив событий

09/06/2016

Сот мамандарымен семинар өткізілді

09/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбына  семинар сабақ  өткізілді. Семинарға  кеңсе меңгерушісі  Г.Себаева  және  сот  мамандары  қатысты.

«Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау» атты тақырыпта семинар өтті

09/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесіне» сәйкес, «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарға сот төрағасы Д.Баймакулов пен сот қызметкерлері қатысты.

Әскери қызметшіден тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген өтемақы заңсыз болғандықтан, мемлекет пайдасына өндірілді.

09/06/2016

Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ 2041 әскери бөлімі жауапкер «Б»-дан тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген 944 246 теңге  өтемақыны мемлекет  пайдасына өндіру туралы азаматтық талап арызбен жүгінді.

Соттың анықтағаны, 2041 әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2013 жылдың 24 маусымдағы хаттамасымен жауапкер – әскери қызметші «Б» және оның отбасы мүшелері тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалпы 944 246 теңге ақшалай төлемақы төленген.

Выступление на «Қазақ радиосы»

09/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Н. Жайлаубай «Қазақ радиосына» жаңа азаматтық процессуалдық кодексінің бес сатыдан үш сатылық сот төрелігіне ауысуы практикасы туралы сұхбат берді.

Тұрғын үй орнына ақшалай қаражаттын өндіру туралы

09/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында талапкер Ж.Нусубалиев жауапкер Қазақстан Республикасы қорғаныс министірлігінен тұрғын үй орнына ақшалай қаражаттын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот мамандарына арналған семинар сабақ

09/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында «Қылмыстық іс бойынша сот үкімін және қаулысын орындауға жолдау» тақырыбында сот мамандары мен Алматы гарнизоны әскери прокурорының аға көмекші Д.Шарықбаевтың және Гвардейск гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Н. Найзабековтың  қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Бас маман П.Аманбаева,  сот мамандарының назарына, сот үкімін орындауды жүктелетін органдар қатарына, ҚАК-нің 24 бабына сәйкес прокуратура органдары кірмейді.

Істерді сотта қарағаннан кейін рәсімдеу

09/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының қызметкерлері істерді сотта қарағаннан кейін рәсімдеуге байланысты бірлескен ұжымдық  оқу өткізді.

Семинарлық оқуды жүргізген бас маман - сот мәжілісінің хатшысы С.Қ.Рсалдин қатысушыларға аталмыш іс-шараның заң нормаларын білу деңгейін жоғары  көтеру және оларды тәжірибе жүзінде қолдануды қалыптастыру мақсатында өткізіліп отырғандығын ескертті. Сондай-ақ, сотта қаралған істерді кеңсеге, кейін мұрағатқа  тапсыруға дейінгі жүргізілетін жұмыстарға тоқталды.

«Сот саласындағы ақпараттық технологиялар...» атты тақырыпта «Ностальжи» радиосында ақпарат берілді

09/06/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы М.А.Кожабековамен «Сот саласындағы ақпараттық технологиялар...» тақырыбына Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

М.А.Кожабекова өз сөзінде мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелер жасау жұмысы жандана түсті. Бұл маңызды тапсырманы орындауға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да белсене кірісті.