Архив событий

06/06/2016

Пошта жөнелтімдері мен хабарламалар жөнінде семинарлық оқу

06/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында мамандардың қатысуларымен «Хат-хабарларды жөнелтудің тәртібі» тақырыбымен семинарлық оқу өткізілді.

Сот кеңсесінің бас маманы Т. Старченко семинарға қатысушыларға, тараптарға хабарламалар жолдағанда аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу жөніндегі Ережені, сондай-ақ, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта байланысы арқылы жіберілетін құжаттарының тізімдемесін басшылыққа алу керектігін айтып өтті.

Сот актілерін орындау мерзімін сақтау

06/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында «Сот  актілерін  орындау  мерзімін  сақтау» тақырыбында кеңсе меңгерушісі Д.Т. Шаяхметовпен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Отырыста әскери соттың қызметкерлерімен мен бірге Қостанай облысының әділет Департаментінің өкілі Н.В. Аминова мен Қостанай облысының жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының өкілі Қ.Х. Шәймерденов қатысты.

Шымкент гарнизоны әскери сотында оқып-үйрену сабағы өтті

06/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Апелляциялық, жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу. Азаматтық істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында оқып-үйрену сабағы өтті. 

1 қаңтар 2016 жылы қолданысқа енгізілген ҚР Азаматтық – процестік кодексінің новеллаларын талқылау бойынша семинар өткізілді

06/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында 1 қаңтар 2016 жылы қолданысқа енгізілген ҚР Азаматтық  процестік кодексінің новеллаларын талқылау бойынша семинар өткізілді.

Сот төрағасы Д.Баймакулов өзінің сөзінде, Қазақстан Республикасының құқықтық аясын жақсартуда, сонымен қатар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, мемлекет Басшысы 31 қазан 2015 жылы жаңа Азаматтық процестік кодекске қол қойды. Ол кодекс 1 қаңтар 2016 жылы күшіне енді.

Жадынаманың талдауы

06/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының аға жасауылы А.Ә. Мырзағалиевпен сот мамандары арасында әскери соттың ғимараты мен оған жататын аумағында түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жадынаманың талдауына арналған семинар өткізілді.

Семинар өткізілді

06/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының мамандарымен «Сот саласында құқықтық көмек көрсету бойынша халықаралық шарттарды қолдану жөнінде жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Оқуды жүргізген кеңсе меңгерушісі Г.К.Макаева халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында шет мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыс тікелей Қазақстан Республикасы сот билігінің имиджіне әсер ететіндігін айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

06/06/2016

ҚР Әскери сотының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес сот мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Семинарға Әскери  соттың әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің бас маманы С.Асылбеков және кеңсе мамандары қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында 2015 жылғы 18 қарашасынан қолданысқа енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.