Архив событий

13/06/2016

«Бақылау функционалы» туралы семинар сабағы

13/06/2016

«Бақылау функционалын» қолдануды түсіндіру мақсатында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жетекші маманы Р.Асан семинар сабағын өткізді.

«ТӨРЕЛІК» сот органдарының ақпараттық талдау жүйесінде Жоғарғы Сотпен облыстық және оған теңестірілген соттарға, соттар әкімшілеріне жолданатын сауалдарды бақылауға тұрғызу функционалы жүзеге асырылғанын айтып, іс жүзінде компьютерден көрсете отырып, түсіндірді.

ҚР Жоғарғы Сотының Call-Орталығы

13/06/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында кеңсе мамандарының арасында «ҚР-сы Жоғарғы Сотының Call-Орталығы» тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Б.Ж.Омаров өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Call-Орталығының негізгі бағытты мен оның мақсатты және тапсырмаларына тоқталып, нақты түсіндірді.

2016 жыл – әскердегі құқықтық мәдениет жылы!

13/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Б.С.Дәрібаев және бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Г.Т.Шинжанова Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 44813 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіп республикамыздың сот жүйесіндегі түбегейлі реформалар мен заңнаманың өзгерістері туралы әнгімелеп, сот жүйесіне енгізілген жаңа инновациялық технологияларды қолдану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

13/06/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында, сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қойып, мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайтыны көрсетілген.

Кездесу барысында практикалық көмек көрсетілді

13/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен Алматы облысы бойынша сот сараптама Институтында «Сот кабинеті сервисінің мүмкіндіктері» атты тақырыпта дөнгелек үстел өтті. Аталған жиында Алматы облысы бойынша сот сараптама Институтының директоты Абдрахманов С.Е және Институт сарапшылары қатысты.

Семинар өткізілді

13/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының ұйымдастыруымен ҚР-сы Жоғарғы Соты Төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсанындағы № 6001-15-7-4/256 өкімімен бекітілген Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулыққа байланысты семинар өткізілді.

Іс-шараға  сот қызметкерлері қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Д.Шаяхметов нұсқаулықтың мақсаты сот органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау процесін ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету болып табылатындығын айтты.

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Шығыс корреспондецияның пошталық жөнелтімі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

13/06/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотымен гарнизондардағы әскери соттармен пошталық жөнетілімдерді және процесс қатысушыларына хабарламалар жіберу бойынша өткізілген талдау жөнінде Шымкент гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Г.А.Себаева мамандар арасында  семинар сабағын   өткізді.