Архив событий

08/06/2016

«Талап арыздарды сотқа беру кезінде, оның тиісті рәсімделуі»

08/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында «Талап  арыздарды сотқа беру кезінде, оның тиісті рәсімделуі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы, судьялар Р.Б. Болатқан, Б.А. Исабекова,  Алматы, Қапшағай, Гвардейск әскери прокуратура органдарының бөлім басшылары, Алматы, Қапшағай, Гвардейск  гарнизоны әскери бөлімдерінің өкілдері, қорғаушылар және Алматы қаласының қорғаныс істер бойынша басқармаларының  және Департаментінің өкілдері қатысты.

«Ашық есік күні» өткізілді

08/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында кезекті рет  «Ашық есік күні» өткізілді. Сот төрағасы Қ.С.Байжанов бұл күні сарбаздардың ата-аналарын, келісім-шарт бойынша әскерилерді жеке қабылдап, олардың  сұрақтарына жауап берді.

Шара шеңберінде шекарашы сарбаздың әкесі Қ.Ш.Түсіп, баласының әскери борышын өтеп жүргенде денсаулығына келтірілген зиянға байланысты өтемақыны өндіруді,  ал әскери қызметшілер С.Т. Қапанова мен Д.Ө. Өмірбеков - еңбек заңының іссапарға жұмсалған шығындарды өтеу  қарастырылған  бөлігін  түсіндіруді  сұрап,  жүгінді.

Кездесу өткізілді

08/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 8 маусымда әскери соттың төрағасы А. Исабеков «Заң ғылымы мен практикасының инновациялық даму Орталығы» атты Қостанай қоғамдық қорының басшысы П. Травкинмен кездесу өткізді.

Жиынға әскери соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Кездесудің барысында әскери соттың төрағасымен қатысушыларға  әскери соттың бүкіл саладағы қызметі туралы мәліметтер жарияланды.

31775 әскери бөлімде өткізілген дөңгелек үстел.

08/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С.Байжанов пен жетекші маман А.Қ. Серікбаева 31775 әскери бөлім қызметшілерімен «Мемлекеттік тілдің іс жүзінде қолдану аясын кеңейту» «Сот актілерінің заң талаптарына сай орындалуы» атты табықырыптарында «Дөңгелек үстел» өткізді.

Серікбаева мемлекеттік тілдің қолдану аясын және сот актілерінің заң талаптарына сай мемлекет пайдасына өндіруге жататын төлемдемелердің уақытылы орындалуы бүгінгі таңда ҚР Жоғарғы соттың бақылауында екенін ескертіп, оған алынып жатырған шаралар туралы айтты.

Радиода сұхбат

08/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Н. Жайлаубай «Қазақ радиосы» эфирінде  «Сот кабинеті азаматтар үшін оңай жол» атты тақырыпта сұхбат  берді.

Төраға жеке және заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта,уйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі арқылы электронды түрде талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтініш хаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралуы барысын бақылау мүмкіндігіктері бары туралы айтты.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбына семинар сабақ өткізілді

08/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбына  семинар сабақ  өткізілді. Семинарға  кеңсе меңгерушісі Р.К.Бигазина  және  сот  мамандары  қатысты.

Семинар барысында  Р.К. Бигазина   2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік  бейнесіне  және іскерлік  қасиеттеріне  қойылатын  талаптарды  жоғарылату  мақсатында  

«Азаматтық істер бойынша сот талқылауын жүргізудегі ерекшеліктері...»

08/06/2016

Соттың 2016 жылдың І жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес судьялар мен қызметкерлердің қатысуымен семинар өтті, «Азаматтық процестік кодексіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот талқылауын жүргізудегі ерекшеліктері» атты баяндамамен судья Б.Қ.Аралбаев сөз сөйледі.

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы брифинг өткізді

08/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Қ.М.Байдуақасов «Ұлт жоспары-100 нақты қадамның сот саласында орындалуы» атты тақырыпта  брифинг өткізді. Брифингте «Жетісу» телеарнасының  және Заң  газетінің  журналистері қатысты.

Сот төрағасы өз сөзінде заң үстемдігін, соттың ашықтығы мен жариялылығын одан әрі қамтамасыз етуге байланысты тармақтарына тоқталды.

«Шығыс хат-хабарларды пошта арқылы жөнелту тәртібі» атты тақырыпта семинар өтті.

08/06/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотында  «Шығыс хат-хабарларды пошта арқылы жөнелту тәртібі» атты тақырыпта семинар өтті.

Кеңсе меңгерушісі Нурманова Н. кеңсе қызметкерлеріне «Облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта арқылы жолдауға жататын құжаттардың Тізбесіне» сәйкес  қарапайым хатпен, тапсырысты хатпен, тапсырысты ескертпе хатпен, арнайы байланыспен жолданатын құжаттар жөнінде айтып өтті.

Кездесу өткізілді

08/06/2016

2016 жылғы 7 маусымда әскери соттың төрағасы А. Исабеков 6697 санды әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Соған әскери бөлімнің басшылығы мен заңгерлері қатысты.

Зейнеткер подполковниктің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды

08/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотына талапкер бұрынғы әскери қызметкер, зейнеткер-подполковник В.Бердибеков жауапкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі, Шымкент  Аудандық пайдалану бөліміне, ОҚО бойынша  Қорғаныс істер Департаментіне мемлекеттік тұрғын  үй қорынан  жанұйя құрамына  тұрғын үй беру тұралы  талап арызымен жүгінді.