Архив событий

02/06/2016

«Балалар біздің болашағымыз – жақсылық жасаңыздар»

02/06/2016

Әлемде жыл сайын Халықаралық балалар күні аталып өтілуде, бұл мейрам біздің елімізде де 1 маусым күні аталып өтіп, Балаларды қорғау күні деп аталады. Бұлай аталуының себебі, әр баланың балалық шағы қорғауға болу керек. Ол дегеніміз құқықтарын қорғау, денсаулықтарын, өмірлерін қорғау болып келеді. Алайда мерекелеуге қарамастан, еліміз бен бүкіл әлемде біздің қолдауымыз бен қамқорлығымызға зәру көптеген баладардың бар екенін ұмытпауымыз керек.

1 маусым – балаларды қорғау күні.

02/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы 1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, көп балалы отбасына барды. Семей қаласында тұратын Э. Намазбаеваның жарты айлықтан 16 жасқа дейінгі жеті баласы бар. Отбасы көп балалы болғандықтан, отбасының анасы Э.Намазбаева емшектегі баламен үйде отыр, жұмыс істемейді, мемлекеттен бөлінген жәрдемақыға күн көруде. Олар нашар тұрмысты отбасы болғандықтан, жан-жақтан көмекті керек етеді.

Азаматтық істердің сырттай өндіріс тәртібінде қаралуы бойынша талдау жасалып, талқыланды

02/06/2016

2016 жылы 31 мамырда Семей гарнизоны әскери сотында 2016 жылдың 5 айы мен сол кезеңге 2015 жылға бас маман сот мәжілісінің хатшысы С.В. Мягкова-Казанцева мен бас маман Г.С. Жуматаевамен бірге 2016 жылдың жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары аясында азаматтық істердің сырттай өндіріс тәртібінде қаралуы бойынша талдау жасалып, талқыланды.

Әскери госпитальдағы кездесу

02/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Б.С.Дәрібаев және бас маман – сот мәжілісінің хатшысы А.А.Сарскулов Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын насихаттау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру және сот жүйесіне қолданылып жатқан жаңа инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери-клиникалық госпиталдің қызметшілерімен кездесу өткізді.

Сот қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық қағидалары.

02/06/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2016 жылғы 12 айына арналған жұмыс жоспарына сай, ағымдағы жылдың мамыр айының 31-де Ақтөбе гарнизоны әскери сотының мамандарының қатысуларымен «Сот қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық қағидалары» атты тақырыпта семинар сабағының іс-шарасы өткізілді.

Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу Ережесінің 6 тармағы бойынша семинар сабақ...

02/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының   жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз   ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының   2016 жылғы «5» наурызында №6001-16-7-6/ 89  өкімімен бекітілген Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесінің 6 тармағы бойынша сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу тәртібі бойынша кезекті семинар өтті.

«Сот істерін қарауға дейін ресімдеу және адамдардың сотқа келуін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді

02/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотында   «Сот істерін  қарауға дейін ресімдеу және адамдардың сотқа  келуін қамтамасыз  ету» тақырыбында кезекті семинар өткізілді.

Семинар барысында бас маман Тулегенова Б.Б. өз сөзінде қарауға тағайындалған істер бойынша сот отырысыныц хатшысы процеске қатысушыларды шақыру туралы соттың шақыру кағаздарын жібереді, сонымен қатар қорғаушылар мен прокурорға жазбаша турде хабарланады.

«Қылмыстық теріс қылықтар бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері туралы» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

02/06/2016

1 қаңтар 2015 жылдан бастап нормалар мен қағидаттар бекітілген, жеткілікті түрде сынақтан өткен жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі күшіне енді. Оның басты концептуалды бағыттары қоғаммен үш жылдың ішінде талқыланып, яғни ең алдымен кодекс жобасы ел тұрғындарының назарына ұсынылды. 

Балаларды қорғау күні мерекесінде сот қызметкерлері балалар үйіне барып қайтты

02/06/2016

1маусым - «Балаларды қорғау күні» мерекесінде Ақтау гарнизоны әскери сотының мамандары «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесінде болды. Бүгінгі таңда балалар үйінде 4 жасқа дейінгі 20 бүлдіршін тәрбиеленуде.      

Шара барысында сот қызметкерлері тәрбиеленушілерді мерекелерімен құттықтап, ойыншықтарды сыйға тартты.

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер сот мамандарына алғыстарын білдірді.

Мамандар арасындағы семинар сабағы

02/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департамент басшысының 2016 жылғы 5 наурыздағы № 6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген "Аудандық және оларға теңестірілген соттардың іс қағаздарын жүргізу ережесі" бойынша семинар сабағы өтті.

Қызметтік тұрғын үйден шығару туралы талап арыз қанағаттандырылды

02/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Өскемен пайдалану бөлім» РММ-нің К.М.Калимовті басқа үй берместен заңсыз тұрып жатқан қызметтік үйден барлық отбасы мүшелерімен қоса шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Арызды қабылдаудан бас тартылды.

02/06/2016

Семей гарнизоны әскери соты азаматша С. оның анасы Ж.-ты отбасы мүшесі деп тану туралы талап арызды отбасы мүшесі деп тану тәртібі тұрғын үй және неке мен отбасы заңнамасымен анықталғандықтан, қабылдаудан бас тартты. Аталған сұрақ тек біреумен нақты дауласу ретінде сот талқылауының мәні болуы мүмкін. С. азаматшаның анасы отбасы мүшесі болуы, сот растауын қажет етпейді, сондықтан талап арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәрібімен қаралуға жатпайды.    

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.