Архив событий

10/06/2016

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі гендерлік саясат» тақырыбында дөнгелек үстел

10/06/2016

09 маусым 2016 жылы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі гендерлік саясат» тақырыбында дөнгелек үстел өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жария етілді.

Сот шешімін орындауға жолдау

10/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының және Қостанай облысының әділет Департаментінің өкілі Н. Сухановтың қатысуымен әскери соттың 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс жоспарына сәйкес «Сот шешімін орындауға жолдау» тақырыбында семинар сабағы  өтті.

«Заттай дәлелдемелер мен құжаттарды есепке алу және сақтау» атты тақырыпта семинар өтті

10/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» мен «Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою ережелеріне» сәйкес, «Заттай дәлелдемелер мен құжаттарды есепке алу және сақтау» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарға сот қызметкерлері қатысты.

ҚР Жоғарғы Сотының Call -орталығына түсіп жатқан қоңыраулар туралы

10/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының судьяларының және сот қызметкерлердің, сондай-ақ, Қостанай облыстық сотының әдіскері Ә. Рахаделованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саІІ-орталығына түсіп жатқан қоңыраулар туралы хабарламалардың талқылауы өтті. Талқылаудың мақсаты әскерилер мен азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар мен шағымдардың негізгі тақырыптары болды.

«Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі қызметкерінің қатысуымен «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға сот қызметшілері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкері қарулану бойынша инспектор полиция лейтенанты Е.Шабатаев қатысты.

Семинарлық сабақ өткізілді.

10/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотының бас маманы С.В.Мягкова-Казанцева «Сот кабинеті» электрондық сервисі» туралы кезекті семинарды 32388 әскери бөлімінде өткізді. 

Семинарда 32388 әскери бөлімнің офицерлері қатысты. 

Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шаралары

10/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының аға сот жасауылы Т.Б. Шопенов судьялардың және де сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында  оқу сабағын жүргізді.

Тұрғын үйден шығару туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

10/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Өскемен аудандық пайдалану бөлімі» РММ-нің Д.Бекболатовты басқа үй берместен тұрып жатқан қызметтік үйден барлық отбасы мүшелерімен қоса шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

«Электрондық цифрлық қолтаңба» тақырыбында семинарлық оқу өтті

10/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери соты кенсесінің бас маманы Т.В.Старченко судьялар және мамандармен «Электрондық цифрлық қолтаңба» тақырыбында семинарлық оқу өткізді.

Семинар барысында баяндамашы электрондық цифрлық қолтаңбасын алу және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану, сотқа электрондық құжаттарды электрондық ақпараттық жүйелер арқылы беру тәртібі жайлы айтты.