Архив событий

28/06/2016

БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

28/06/2016

Бүгін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен  бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні құрметіне салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі!

28/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Ж.Жүнісбеков  қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының  (БАҚ) қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2016

Бүгін Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Қ.М.Байдуақасов  БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Тілшілерді кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

28/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы Ғ.К.Мынбатыров журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, сот қызметін атқаруға байланысты өзекті мәселелерді, азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған құқықтық реформалар туралы сапалы материалдар дайындап, олардың баспаға жедел жариялануына, сот билігі органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, белсенді жұмыс атқарғандарыңыз үшін ерекше алғыс білдірді.

Тілші күнінде

28/06/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай тілшілерді олардың кәсіби мерекесімен құттықтады! Құттықтау мерекесінде «Заң», «Егемен Қазақстан», «Отан сақшы» тілшілері, аумақтық және республикалық тілшілер, судьялар Б.А. Исабекова, Д.О. Алиаскаров, Қ.З. Естай, Алматы гарнизонының әскери прокуроры Т.Б.Саткен, Гвардейск  гарнизонының әскери прокуроры А.А. Газез  қатысты.

Қарағанды гарнизоны әскери соты тілшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

28/06/2016

27 маусымда тілшілерінің кәсіби мерекесі қарсаңында, Қарағанды гарнизоны әскери сотында бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерімен кездесу өтті.

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Б. Жұмабеков журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтай отыра, журналистер өздерінің белсенді ұстанымдары, қызықты және маңызды жаңалықтарды жариялау арқылы мемлекетіміздегі бейбітшілік пен татуластықты нығайтуға елеулі үлестерін қосатынын атап өтіп, оларға алдағы уақытта шығармашылық табыс, зор денсаулық пен отбасы амандығын тіледі.

«Сот істерін сұрату» семинары

28/06/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Сот істерін сұрату» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Жарменкенов және сот қызметкерлері қатысты.

Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусындағы әскери қызметшілерге дәріс

28/06/2016

Профилактика және әскери қызметшілердің арасындағы қылмысқа қарсы күрестің алдын алу мақсатында Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Молдабаев Шучинск қаласында Шоқан Уалиханов атындағы Кадет корпусының әскери қызметшілеріне дәріс оқыды. Әскери қылмысқа қатысты Қылмыстық кодекстің кейбір баптары түсіндірілді.