Архив событий

03/06/2016

Мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.

03/06/2016

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту және одан әрi қалыптастыру мақсатында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында 2016 жылдың 31 мамыр күні Қазақстан заңгерлерінің Альянсының өкілдерімен кездесу өтті. Іс шараға Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және т.б. өкілдері шақыртылды.

Семинар өткізілді

03/06/2016

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, соған байланысты мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери сотында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен еңбек тәртібін сақтау мақсатында, аға сот пристав Ж.Курманов семинар өткізді.

Сот процестерінде бейне-дыбыс жазбасын қолдану» атты тақырыпта кезекті семинар өткізілді

03/06/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары –100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, еліміздің барлық соттарында барлық сот процестерін бейне-дыбыс жазбасын қолдану арқылы жүргізілу енгізілген.

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Сот процестерінде  бейне-дыбыс жазбасын қолдану» атты тақырыпта кезекті семинар өтті.

Шымкент гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Г.Себаева көшпелі семинар сабағын өткізді

03/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі  ОҚО Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қызметкерлері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» тақырыбында көшпелі семинар сабағы өткізілді.

Семинарлық сабақ өткізілді.

03/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотының бас маманы Ж. Бекенова «Сот кабинеті» электрондық сервисі» туралы кезекті семинарды 16443 әскери бөлімінде өткізді.

Семинарда 16443 әскери бөлімнің офицерлері қатысты.

«Қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулыларды орындауға беру»

03/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесіне» сәйкес, «Қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулыларды орындауға беру» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарға сот қызметкерлері қатысты.

Билік өкіліне қарсы зорлық көрсеткен

03/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 380 бабының 1 бөлігімен айыпталған  РММ-нің  42062 әскери бөлімнің келісім шарт әскери қызметшісі, сержант С.Мендибаевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

"Жақсылық жасаңыздар" акциясы шеңберінде

03/06/2016

3 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне арнайы Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай мен Алматы гарнизоны әскери прокуроратурасының  прокуроры Т.Саткенмен бірлесіп Алматы қаласының №1 «Балалар үйі» балаларына аниматорлардың қатысуымен мереке ұйымдастырды. Мерекеде 100-ге жақын балалар қатысты, 2 жастан  бастап 17 жасқа дейін.       

Мереке барысында сот төрағасы Ж.Н. Жайлаубай барлық  тәрбиеленушілерді мерекелерімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, үлкен табыстар және  сәттілік тіледі. 

Сот залынан

03/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотына талапкер «Т»-нің жауапкер - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «42062 әскери бөлімі» РММ-нен тұрғын үй алу үшін алынбаған ақшалай төлемақы 1 316 574  теңгені  өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Тұрғын үй сұрағы қашан шешіледі?

03/06/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотымен талапкер Б.Жакашевтың жауапкер «Қорғаныс министрлігі» ММ-не, «ҚМ Ақмола аудандық пайдалану бөлімі»  РММ-не берген «Қорғаныс министрлігі» ММ-нің әрекетін заңсыз деп тану және ақшалай өтемақыны өндіруін міндеттеу негізіндегі азаматтық іс қаралды.