Сот процестерінде бейне-дыбыс жазбасын қолдану» атты тақырыпта кезекті семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары –100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, еліміздің барлық соттарында барлық сот процестерін бейне-дыбыс жазбасын қолдану арқылы жүргізілу енгізілген.

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Сот процестерінде  бейне-дыбыс жазбасын қолдану» атты тақырыпта кезекті семинар өтті.

Бас маман-сот отырысының хатшысы И.Енсенова семинарды аша отырып, «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері мен басымшылықтарын айтып берді. Аталған сервис ақпараттық мағлұматтардың алмасуына жедел мүмкіндік беріп, сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, автоматтандырылған есепті жүргізу мен процесуалдық мерзімдердің сақталуын бақылау, іс жүргізуді жеделдету сияқты мәселелерді шешетінін айтты.

И.Енсенова барлық сот процестерінде бейне-дыбыс жазбаны қолдану, істерді қайта жөндеусіз  объективті түрде қарауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ бейне-дыбыс жазбаны енгізу сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыратынын айтып өтті.  

Сонымен қатар сот отырысының хатшысы тағайындалған сот отырысы автоматты түрде БДЖ-де шығу үшін, сот отырысының хатшылары «Төрелік» бағдарламасындағы істердің карточкаларындағы барлық реквизиттердің толық әрі уақытылы толтыру қажеттілігін айтып өтті.

Шара соңында қатысуышлар пікірлерімен алмасты.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі