Архив событий

23/06/2016

«Азаматтық және қылмыстық сот өндірісінде медиацияны қолдану»

23/06/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында Ақмола гарнизоны әскери сотының төраға м.а. Е.Ибраимов «Азаматтық және қылмыстық сот өндірісінде медиацияны қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдарының кәсіби медиаторлары – «Кәсіби медиаторлар кеңесі»: Күлпаш Шалбулова, Светлана Васильевна Дүйсембинова, Оксана Дмитриевна Котовщикова және Мавлина Калимжановна Хабиеваның қатысуларымен өтті.

Төраға м.а. медиация түрінде бітістіру рәсімінің атқаратын маңыздылығын айтты.

Call-орталығының қызметі және оның сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етудегі рөлі

23/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандары соттың Call-орталығының қызметін және оның сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етудегі рөлін талқылады.

Кеңсе меңгерушісі А.Шинжанова мамандарды Call-орталығынан түсетін жүгінулерді тіркеу бойынша Нұсқаулықпен таныстырып, қоңыраулар соттар Әкімшілері, олардың орынбасарлары мен кеңсе меңгерушілерімен қабылданып аудиофайлымен бірге тіркелу міндеттелетінін және 24 сағат ішінде орындалу қажет екендігін түсіндірді.