Архив событий

15/06/2016

Сотқа қатысушы тараптардың келуін қамтамасыз ету.

15/06/2016

Қарағанды  гарнизонының әскери сотында   «Сотқа қатысушы тараптардың сотқа келуін қамтамасыз ету» тақырыбында кезекті семинарлық оқу өткізілді.

Семинарлық сабақты жүргізуші бас маман С.К.Искаков сот талқылауына қарауға тағайындалған істер бойынша сот отырысының хатшысы процеске қатысушыларға сотқа шақыру туралы  SMS хабарламасын  жібереді, сонымен қатар, тараптардың өкілдеріне, қорғаушылар мен прокурорға жазбаша түрде хабарланады.

Call-орталығынан түскен жүгінулерді тіркеу.

15/06/2016

14 маусым 2016 жылы Талдықорған гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н.Д.Нурманова «Call-орталықтардан келіп түсетін  жүгінулерді тіркеуді» тақырыбына семинар өткізілді.

Сотпен талап арыз қанағаттандырусыз қалтырылды.

15/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер  В.В.Маковскийдің жауапкер ҚР ҰҚК ШҚ және 2484 әскери бөлім мемлекеттік мекемесіне жекешелендіруге жатпайтын қызметтік пәтердің орнына ақшалай компенсация өндіру жөнінде ұсынысты қайта қарауды міндеттеу, әрекеттерін заңсыз деп тану, тұрақты фактісін анықтау және моралдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер әскери қызмет өткеріп жүрген кезінде, оған ақшалай компенсация төлеу тұралы баянат жазғаны сот отырысында анықталды.

Тұрғын үйден шығару туралы талап арыз қанағаттандырылды

15/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Өскемен аудандық пайдалану бөлімі» РММ-нің Б.Уваровты тұрғын үйге өз бетiмен басып кiрiп алды деп танып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа үй берместен тұрып жатқан қызметтік үйден барлық отбасы мүшелерімен қоса шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Әскери бөлімде семинар өткізілді

15/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының төрағасы А.О. Исабеков 2016 жылғы 14 маусымда 6697 санды әскери бөлім орналасқан мекен жайында қолбасшылары мен жеке құрамының және Қостанай гранизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет капитаны С.Т. Шәкімбаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттері» такырыбымен семинар өткізді.

«Сот ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету»

15/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьялары мен  қызметшілері «Сот ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі» ҚР ІІМ-нің және Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысының бірлескен   бұйрығын     талқылады.

Студенттермен кездесу

15/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 14 маусымда әскери соттың судьясы М.И. Аманжолов Қостанай мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығыы бойынша оқып жүрген студенттермен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде әскери соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Кездесудің барысында әскери соттың судьясымен қатысушыларға  әскери соттың барлық саладағы қызметі туралы мәліметтер жарияланды.

Әскерилерге «Сот кабинеті» сервисін және сот жүйесіндегі басқа жаңа технологияларды қолдануды үйрету мақсатындағы семинар сабағы өтті

15/06/2016

«Сот кабинеті» сервисінің және басқа жаңа технологияларды қолдануды түсіндіру мақсатында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 44813 әскери бөлімінің әскери қызметкерлеріне семинар сабағы өткізілді.

«Гендерлік саясат-мемлекеттің және қоғамның ісі» тақырыбында талқылау өткізілді

15/06/2016

2016 жылдың 14 маусымында Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Гендерлік саясат-мемлекеттің және қоғамның ісі» тақырыбында «Дөңгелек устел» өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.

Іс-шараға әскери сот төрағасы Қ.С.Байжанов., Орталық аймақтың әскери прокурорының орынбасары А.В.Асатчев., «Гендерлік ақпараттық талдау Орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары философия ғылымдарының докторы Н.А.Усачева және әскери бөлімдердің «Әйелдер кеңестерінің» өкілдері қатысты.

Іс қайта прокурорға жолданды

15/06/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотымен штаб бастығы - 15  әскери бөлімінің 1-қару батальонының командир орынбасары азаматы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Прокурор және сотталушының арасында ҚК-ң 190-бабы 2-б., 3-т., 450-бабы 1-бөлімі негізінде қылмыс жасағаны үшін кінәны мойындау туралы процессуалдық келісім  орнатылды.

«Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыбында семинары өтті.

15/06/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында  «Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыбында   семинары өтті

Семинар жұмысына кеңсе меңгерушісі м.а. және сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі м.а. А.М. Жарменкенов, семинар сабағы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы болып табылатынын атап өтті.

Қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

15/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445 бабы 1 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағандығы үшін айыпталған А.Нургельдиевке қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыс келесі жағдайда жасалған: