Архив событий

18/06/2016

Генерал Сағадат Нұрмұғамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебіндегі судья А.М.Каировтың сөзі

18/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы А.Каиров Сағадат Нұрмұғамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің мұғалімдер құрамының алдында сөз сөйлеп сот жүйесін модернизациялауға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында қарастырылған  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылған реформалардың нәтижелерімен таныстырды.

«Сот отырысында бейне-дыбыс жазбасын қолдану»

18/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотында сот  қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырысында бейне-дыбыс жазбасын қолдану» тақырыбында семинар өтті. Сот орындаушысы К.Б.Жангелов  бағдарламаның сот отырыстарының техникалық жазылуын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты . Жұмыстың нәтижесі ол сот отырысының басталуы, сот отырысының аяқталуы, істің атауы, сот құрамы көрсетілген сот отырысының хаттамасы болып табылды.

Сот залынан

18/06/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотымен ҚР ҚК-нің 379 бабының 1-ші бөлімі, 378 бабының 1-ші бөлімі, 380 бабының 2-ші бөлімімен айыпталған ҚР-сы ҰҚК-нің ШҚ-нің әскери қызметшісі сержант Ж., қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот талқылауының барысында сотпен Ж., әскери қызметші бола тұра 2016 жылғы наурыздың 13-де шамамен сағат 12:50-де әкесінің «Ниссан-Максима» маркілі авто-көлігін жүргізу кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатудың себебін түсіндірген.

Сот шешімімен арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

18/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арыз беруші К.С. Тайгушкаровтың асырауында шешесі А.А.Тайгушкарованың бар екендігі жөнінде заңды фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Арыз беруші К.С.Тайгушкаров – А.А.Тайгушкарованың ұлы екендігі сот отырысында анықталды.

Алайда, арыз беруші К.С.Тайгушкаров - А.А.Тайгушкаровағаәрдайым материалдық көмек және оны ұстау, сондай ақ оның елеулі қаражаттының негізгі көзі болып табылатындығы туралы оның жағынан ешқандай растайтын дәлелдемелер сотқа ұсынған жоқ.

Әскери қызметке келген жас сарбаздармен жүздесу.

18/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С. Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 52859 әскери бөлімінде болып, мерзімді әскери қызметке осы жылғы мамыр айының аяғында келген жас сарбаздармен кездесті.

"Бірлескен бұйрық" талқыланды

18/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 16 маусымда «ҚР-сы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және ҚР-сы ІІМ-нің 2016 жылғы 5 мамырдағы 489 санды бірлескен бұйрықты талқылау» тақырыбымен семинар өтті.

Бұл семинарда әскери сотының судьялары және қызметкерлерімен бірге Қостанай облысы «Күзет» мамандырылған қызметінің взвод қызметшісі полиция кіші сержанты Б.С. Жұмадилов қатысты.

Тұрғын жайға кіргізу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалтырылды

18/06/2016

Ақтау гарнизоны әскери соты талапкер А.К.Галимованың жауапкер А.К.Галимовке тұрғын жайға кіргізу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында анықталғаны, әскери міндетін өткеру кезінде жауапкер А.К.Галимовке және оның жанұя мүшелеріне Ақтау қаласынан жатақхана, яғни қызметтік тұрғын жай  берілген.

Әскери қызметшілермен кездесу өткізілді

18/06/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов 6656 санды әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен «Медиация заңының қолдану аясы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге әскери бөлім өкілдері қатысты.

«Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламасының орындалуын талқылау

18/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 17 маусымда «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты ұлттық бағдарламаның орындалу барысының талқылауы өтті. Оған әскери соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Әскери соттың төрағасы Исабеков А.О. іс-шараны жүргізіп, қазақстандық негізгі арманымыз - 21 ғасырда көшбасшы 30 елдің бірі болуға жол ашатынын атап айтты.

«Ұлағат» мәдениет және даму қоры» өкілімен кездесу өтті

18/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Ұлағат» мәдениет және даму қоры» өкілі Ляззат Төртбаймен кездесу өтті. Кездесу мемлекеттік тілдің қазіргі деңгейін талқылауға арналды.

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

18/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер Балоглан Магомед оглы Халиловтың жауапкерлер Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігіне, ҚР ҚМ Талдықорған АПБ-не және 55078 әскери бөлім мемлекеттік мекемесіне басшылығының іс-әрекетін заңсыз деп тану және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігін оны тұрғын ұйменқамтамасыз етуге мәжбүрлеу туралы азаматтық ісі қаралды.