Архив событий

22/06/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында жаңа судья таныстырылды

22/06/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.С. Молдабаев сотының ұжымына жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 маусымындағы Жарлығымен Ақмола гарнизоны әскери сотының судья  лауазымына – Ерлан Еділбекұлы Ыбырайымов тағайындалды.

«Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесіндегі электрондық мұрағат.

22/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесіндегі электрондық мұрағатқа азаматтық және қылмыстық істерді қабылдау тізімін толтыру жобасын дұрыс қолдану жөнінде мамандарға семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында сот қызметкерлері электрондық мұрағаттың дұрыс толтыру бойынша туындаған бірқатар сұрақтарды өзара талқылады.

Қызмет атқару барысында денсаулыққа және адам өміріне келтірілген зиянды өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды.

22/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында талапкер Г-нің «14776 әскери бөлім» және «22750  әскери  бөлім» республикалық мемлекеттік мекемелерінен әскери қызмет атқару барысында асыраушының қаза табуына жоғалтқан жалақы мен келтірілген моралдық зиянның құнын өндіруді сұраған талап-арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Г. күйеуінің әскери қызмет атқару барысында қаза табуына байланысты сотқа жоғарыда көрсетілген талаппен шағымданды.

«Жетісу» телеарнасының «Болмыс» Ток шоуына сұхбат...

22/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Қ.М.Байдуақасов «Талдықорған гарнизонының  әскери сотының тарихы» атты тақырыпта «Жетісу» телеарнасының  журналистеріне сұхбат берді.

Сот төрағасы Қ.М.Байдуақасов өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әскери соттарының шығу тарихы 1992 жылдан басталғанын. Яғни, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 20.01.1992 жылғы Қаулысымен Қазақ КСР аумағында әрекет етіп тұрған әскери трибуналдар Қазақстан Республикасының юрисдикциясына берілді.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі» атты тақырыпта «Ностальжи» радиосында ақпарат берілді.

22/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының жетекші маманы Н.Летов Ностальжи радиосында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі» туралы ақпарат берді.

Сұхбат барысында Н.Летов Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен таныстырды.

Мұрағатқа қатысты семинар өткізілді

22/06/2016

Семей гарнизоны әскери  сотында «2016 жылдың 16 мамырында бекітілген жаңа құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру қағидасы мен құжаттардың сақтау мерзімдері тізбесі» тақырыбында, семинар өтті. Семинарға сот кеңсесінің қыметкерлері қатысты.

Әскери қызметшіден тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген өтемақы заңсыз болғандықтан, мемлекет пайдасына өндірілді.

22/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотына талапкер Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2024 әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер «Ш»-тен тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген 774 252 теңге  өтемақыны мемлекет пайдасына  өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Соттың анықтағаны, 2024 әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2014 жылдың 24 мамырындағы №5 хаттамасымен жауапкер –  әскери қызметші «Ш» және оның отбасы мүшелері тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалпы 774 252 теңге ақшалай төлемақы төленген.

«Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке карточкаларды дұрыс толтыру»

22/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке мәліметтерді дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда кеңсе меңгерушісі Г.К. Макаева баяндама оқып, жеке карточкалардың барлық деректемелерінің дұрыс толтырылуын көрсетіп, салынатын әрбір құжаттың көшірмесі PDF форматында болуын және тиісті қызметкердің жеке бас мәліметтері өзгерген жағдайда, олардың уақытылы енгізілу қажеттілігін атап өтті.

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

22/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Е.Джуминнің Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті» РММ-не  ШҚО Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті бастығының 13 ақпан 2015 жылғы №28 бұйрыққа 17469000 теңгенің орнына сәйкесінше, 23184000 теңге өндіру туралы өзгерістерді енгізуге міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери соты әскери қызметшілер арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

Шымкент гарнизоны Әскери сотында террористік қауіптіліктің сары деңгейі белгіленуіне байланысты түсіндірме жүргізілді

22/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери  сотында сот төрағасы Г.К.Мынбатыров және Мамандандырылған «Күзет» қызметі басқармасы өкілдерінің қатысуымен террористік қауіптіліктің сары деңгейі белгіленуіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

22/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотында «Жастар арасында  патриотизмді тәрбиелеудегі  және «Мәңгілік Ел»  мемлекеттік идеяны жүзеге асырудағы  мемлекеттік тілдің ролі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  «Невада- Семей» қоғамдық  қозғалысының өкілі С.У. Картоев пен Семей қаласындағы  «Қазақ тілі» қоғамының өкілі  О.Т. Шарипбай қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілдің мемлекеттік мекемелерде іс жүргізудегі рөлі жайында және қазақ тілінің мәртебесі туралы мәселелер қозғалды.

Азаматтарды қабылдау жүргізілді

22/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 20 маусымда төраға А.О. Исабеков әскери қызмтешілер мен азаматтардың қабылдауын өткізді.

Бұл шара халықтың осы топтарына құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ, сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында жасалады.

«Сот приставтары туралы» ҚР Заңын зерделеу

22/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 21 маусымда «Сот приставтары туралы» ҚР Заңын зерделеу туралы тақырыбымен семинар өтті.

Әскери соттың  аға сот жасауылы А.Ә. Мырзағалиев осы Заңға сәйкес сот жасауылы өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлерінен жәрдем сұрауға құқылы екндігін  айтып өтті.

Олардың өзара іс-қимылдары құқық қорғау органдардың басшыларымен бекітілген заңнамалық актілерімен қарастырылады.