«Жетісу» телеарнасының «Болмыс» Ток шоуына сұхбат...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Қ.М.Байдуақасов «Талдықорған гарнизонының  әскери сотының тарихы» атты тақырыпта «Жетісу» телеарнасының  журналистеріне сұхбат берді.

Сот төрағасы Қ.М.Байдуақасов өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әскери соттарының шығу тарихы 1992 жылдан басталғанын. Яғни, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 20.01.1992 жылғы Қаулысымен Қазақ КСР аумағында әрекет етіп тұрған әскери трибуналдар Қазақстан Республикасының юрисдикциясына берілді.

Әскери соттардың жүйесі «Қазақстан Республикасының әскери соттары және әскери прокуратура органдары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 11.06.1992 жылғы №802 санды қаулысы, «Қазақ КСР сот құрылымы туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 24.06.1992 жылы қабылданған заңы негізінде құрылды. «ҚазКСР сот құрылымы» туралы заңы «Әскери соттар» деген №4 тарауымен толықтырылды.1992 жылдың маусым айының 24-де қабылданған осы заң әскери соттардың туындауының бастамасына себеп болған.

Әскери соттардың судьялары өз қызметі барысында сот этикасының нормаларына, судьялардың кәсіптік міндетіне, сот процестерінде тәрбиелік ықпал етуге және сот үкімдері мен шешімдерін шығару сапасына аса қатты көңіл бөледі. Осының барлығы, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғалуын қамтамасыз етуге, халық пен қоғамның нақты және әділ сот төрелігіне деген сенімін күшейтуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президентінің 31 қаңтар 1994 жылы № 534 «Қазақстан Республикасының төменгі тұрған соттарын уақытша құру тәртібі»  жөніндегі Жарлығының 1 тармағына сәйкес Талдықорған, Сарыөзек, Жаркент, Шонжы гарнизондарында және Үшарал, Үштобе қалаларының аумағында орналасқан әскери бөлімдер, Қорғаныс Министрлігінің мекемелері, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрілігінің Ішкі Әскерлері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметкерлері және олардың отбасыларының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін Талдықорған гарнизонының Әскери соты құрылған.

Сұхбат барысында Талдықорған гарнизонының әскери соты 400-600-800 км қашықтықта қызмет көрсетеді, қаралатын істердің 80% көшпелі сот отырысымен қаралатындығын атап өтті.

Сұхбаттың соныңда Қ.М.Байдуақасов әскери сотында тек қана қылмыстық және азаматтық істерді қарап қоймай, сонымен қатар әскери жеке және заңды тұлғалардын заңды мүдделерін сақтауға мән беретінін  атап өтті. Сотқа көбінесе әскери қызметкерлер тұрғын үй жайлы мәселелермен жүгінеді (тұрғын үй беру, жекешелендіру, өтемақы және т.б.).

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі