Мұрағатқа қатысты семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери  сотында «2016 жылдың 16 мамырында бекітілген жаңа құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру қағидасы мен құжаттардың сақтау мерзімдері тізбесі» тақырыбында, семинар өтті. Семинарға сот кеңсесінің қыметкерлері қатысты.

Өзінің баяндамасында жетекші маман, сот мұрағатының іс жүргізуіне жауапты Г.К.Бегимова аталмыш қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік, Қылмыстық процестік кодекстеріне сәйкес әзірленіп, тізбедегі құжаттардың сақтау мерзімдері нормативтік талаптарға сәйкес келетінін атап өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша сот қызметкерлері жаңа қағидаға енгізілген өзгерістерді, қылмыстық және азаматтық істердің сақталуы, ұйымдастырушылық-әкімшілік құжаттардың (ҰӘҚ) сақталу мерзімдерін талқылап, өткізілген семинардың маңыздылығын атап, пікір алмасты.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі