Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери соты әскери қызметшілер арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

Осыған орай, 2016 жылғы 21 маусымында шығарылған қаулы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 447 бабының 1 бөлігімен айыпталған Карбозов А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68 бабының 1 бөлігіне сәйкес жәбірленушіменен медиация тәртібімен татуласқанына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірісімен қысқартылды.

Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы №401-1V «Медиация туралы» Заңының 1-ші бабының 1-ші бөлігіне сәйкес медиацияны қолдану саласына онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар туралы істер бойынша сот ісі барысында қаралатын даулар жатады делінген.

Сотталушы А.К.Карбозов жасаған іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 11-ші бабының 2-ші бөлігіне сәйкес онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады, сонымен қатар сотталушы жәбірленушіге келтірген материалдық залалдын орнын толтырып,  медиация тәртібімен татуласқан.

Сондықтан, сот сотталушы А.К.Карбозовты медиация тәртібімен қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған қатысты қылмыстық іс  қысқартылуға жатады деген тұжырымға келді.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі