Әскери қызметшіден тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген өтемақы заңсыз болғандықтан, мемлекет пайдасына өндірілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотына талапкер Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2024 әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер «Ш»-тен тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген 774 252 теңге  өтемақыны мемлекет пайдасына  өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Соттың анықтағаны, 2024 әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2014 жылдың 24 мамырындағы №5 хаттамасымен жауапкер –  әскери қызметші «Ш» және оның отбасы мүшелері тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалпы 774 252 теңге ақшалай төлемақы төленген.

Жауапкер  «Ш»  жеке меншік құқығындағы тұрғын үйін соңғы бес жыл ішінде әскери қызмет атқарып отырған елді мекенінде үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан тұрғын үйге мұқтажға айналғаны анықталып, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының  72-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үйге  мұқтаждар есебінен алынған.

Шымкент гарнизоны әскери сотының 16 маусым 2016 жылғы шешімімен талапкердің  жауапкер  «Ш»-тен тұрғын үйді жалға алу үшін төленген  774 252 теңгені  мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызы  толығымен қанағаттандырылған.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі