«Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке карточкаларды дұрыс толтыру»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке мәліметтерді дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда кеңсе меңгерушісі Г.К. Макаева баяндама оқып, жеке карточкалардың барлық деректемелерінің дұрыс толтырылуын көрсетіп, салынатын әрбір құжаттың көшірмесі PDF форматында болуын және тиісті қызметкердің жеке бас мәліметтері өзгерген жағдайда, олардың уақытылы енгізілу қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар, мамандардың назарына Әскери соттың Әкімшісінің сауалнамалардың  сапалы  толтырылуы туралы тапсырмасы  жеткізілді.

Соңында мамандар «Е-Кадры» жүйесінің жұмысы туралы туындаған сұрақтарына тиісті жауаптар алды.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі