«Сот приставтары туралы» ҚР Заңын зерделеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 21 маусымда «Сот приставтары туралы» ҚР Заңын зерделеу туралы тақырыбымен семинар өтті.

Әскери соттың  аға сот жасауылы А.Ә. Мырзағалиев осы Заңға сәйкес сот жасауылы өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлерінен жәрдем сұрауға құқылы екндігін  айтып өтті.

Олардың өзара іс-қимылдары құқық қорғау органдардың басшыларымен бекітілген заңнамалық актілерімен қарастырылады.

Семинардың аяғында өткізу тәртібінің мәселелері талқыланды – соның ішінде сот ғимаратына кірген азаматты қол металлдекторы арқылы өткізіп, оның құжатын тексеріп, арнайы қондырғылар мен техникалық жабдықтарды қолданып, келушілердің жеке заттарына қарау жасауға қажет болған жағдайда жеке қарау жасауға міндетті деп айтып өтті.

Сондай-ақ, интернет модульдар, фото, бейнекамераларымен жабдықталған мобильдік телефондар, тақташалар, смарт-сағат мобильды құралдары сот ғимаратының ішіне кіргізуге тыйым салынған туралы, оларды кезіне дейін арнайы жәшікке сақтауға ескертті. 

Соңында осы саладағы мәселелер талқыланып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.      

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі