Үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында «Жастар арасында  патриотизмді тәрбиелеудегі  және «Мәңгілік Ел»  мемлекеттік идеяны жүзеге асырудағы  мемлекеттік тілдің ролі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  «Невада- Семей» қоғамдық  қозғалысының өкілі С.У. Картоев пен Семей қаласындағы  «Қазақ тілі» қоғамының өкілі  О.Т. Шарипбай қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілдің мемлекеттік мекемелерде іс жүргізудегі рөлі жайында және қазақ тілінің мәртебесі туралы мәселелер қозғалды.

С.У.Картоев «Қазақ тілі» қоғамының Семей қаласындағы құрылғаны және қоғамның мемлекеттік органдармен басқа да үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы, қоғамның  мақсаттары мен алға қойған жоспарлары жөнінде баяндап берді. Қазіргі таңда «Қазақ тілі» қоғамының мемлекеттік тілді дамыту, қазақы мәдениетті құру жастар арасында рухани байлықты сіңіру жолында атқаратын жұмыстары арасан зор екеніне тоқталып өтті.

Сонымен қатар С.У.Картоев «Семей- Невада» қоғамдық қозғалысының құрылу тарихын және бұл қозғалыстың негізгі мақсаттары жайында баяндап берді. С.У.Картоев  Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының мүшесі ретінде Семей қаласындағы филиалының қызметі жайында түсініктер беріп, негізгі міндеттері, Қазақстандық  патриотизмге тәрбиелеу, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға ат салысу, сонымен қатар ұлттар мен этностардың бірлесіп, бейбітшілікте, тату-тәтті  өмір сүруіне ықпал жасасатындығын айтты.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік тілде іс жүргізу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселелері басты мәселе екендігі айтылды, сонымен қатар сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.  Дөңгелек үстел шарасының соңында «Қазақ тілі» қоғамының өкілі  О.Т.Шарипбай   Семей гарнизоны әскери сотының кеңсесіне «Әскери құрылымдарда іс жүргізу», «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»  кітаптарын тарту етті. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі