Архив событий

07/06/2016

«Сот мәжілісінің ашықтығы қамтамасыз етілуде» атты тақырыпта «Ностальжи» радиосында ақпарат берілді

07/06/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы Б.Б.Тулегеновамен «Сот мәжілісінің ашықтығы қамтамасыз етілуде» тақырыбына Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

Б.Б.Тулегенова өз сөзінде сот органдарына ақпараттық технологияларды енгізу бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық жүйені енгізуден басталды. 2008 жылдан бастап соттың барлық іс қағаздары электронды түрде жүргізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының бастамасымен 2014 жылы сот жүйесіне бірқатар жаңа технологиялар енгізілді. 

Сотты құрметтемеу фактісінің көріністері бойынша істерді қарау тәртібі

07/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының аға жасауылы А.Мырзағалиевпен сот мамандарының және Қостанай облыстық сотының сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу әрекеттер жасау жөніндегі бөлімнің басшысы Б.Сандыбековтың қатысуымен «Сотты құрметтемеу фактісінің көріністері бойынша істерді қарау тәртібі» тақырыбымен семинар өткізілді.

Іc-шаралар өткізіліп жатқан кезінде А.Мырзағалиев сотты құрметтемеу көріністеріне жол бермеуге әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен олар бойынша іс қаралуының арнайы тәртібі қарастырылғаны жөнінде атап өтті.

Әскери қызметшілермен өткізілген ашық әңгіме

07/06/2016

2016 жылғы 06 маусымда Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С.Байжанов пен жетекші маман А.Қ. Серікбаева 36352 әскери бөлім қызметшілерімен кездесу өткізді.

Төраға, әскери сотта қаралған азаматтық істерді саралап, қатысушыларға олардың ерекшеліктерін түсіндірді. Сондай-ақ,  жаңадан қолданысқа енген ҚР Азаматтық процестік кодексінің баптарын және де бұрынғы заңмен салыстырғанда қандай өзгерістер бар екендігіне назар аударып, қай кезде, қалай қолданылатынын мәлімдеп, кейбір баптарға  тоқтап өтті.

Азаматтық іс талаптан бас тартуына байланысты қысқартылды

07/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2031 санды әскери бөлімнің А. Жаркин азаматтан 59 247 теңге көлемінде ақшалай қаражат бойынша берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша оңайлатылған (жазбаша) тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында  жауапкермен берешектің толық өтелгеніне байланысты талапкер өкілінен талап арыздан бас тарту туралы арызы түсті.

Арыз сотпен қабылданып, өз ұйғарымымен талапкердің арызын қанағаттандырып, азаматтық іс бойынша өндірісті қысқартты.