Архив событий

14/06/2016

Үкіметтік емес ұйымдармен дөнгелек үстел өткізілді.

14/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Қ.М.Байдуақасовтың төрағалық етуімен  Алматы облысы бойынша Ауған соғысының ардагерлері Одағы - Жергілікті әскерлер ұйымымен «Жастарды патриоттік сезімде тәрбиелеу» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс шара Ауған соғысының ардагерлері Одағы - Жергілікті әскерлер ұйымының Оңтүстік-аймағының өкілі Ш.Ильясов, Алматы облысы бойынша АСАО және ЖӘ төрағасының орынбасары Т.А.Абдрашитов және Ауған соғысының ардагері, құрметті азамат М.М. Амитов қатысты.

Әскери бөлімнің офицері есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін сотталды.

14/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлімінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін, яғни есірткі затын – кептірілген марихауананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп,  сақтап, тасымалдағаны үшін әскери қызметкер Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, әскери қызметкер Ж. көкөністер сатып алып, ішінен есірткі затын тапқанын және оның есірткі заты екенін анық біле тұра, қалтасына салып алғанын, сол күні ол өз үйінің жанында әскери тергеу бақармасының қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды.

Әскери қызметші жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталды.

14/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотымен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабының 3 бөлігімен айыпталған 35748 әскери бөлімнің әскери қызметшісі М.Темирбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай сотталушы  М.Темирбаев «Опель-Вектра» автокөлігінің жүргізушісі бола тұра, мас хәлде, Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қағидаларының» 2.4.2, 10.1, 10.2, 19.2-тармақтарының талаптарын өрескел бұзып, абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол көлік оқиғасын жасаған.

Семинар өткізілді

14/06/2016

Семей гарнизоны әскери соты кенсесінің бас маманы А.П.Марзатаева сот мамандарымен «Электрондық цифрлық қолтаңба» (ЭЦҚ) тақырыбында семинарлық оқу өткізді.

Семинар барысында баяндамашы электрондық цифрлық қолтаңбасын алу , сот кабинеті арқылы арыз, шағым беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану, сотқа электрондық құжаттарды электрондық ақпараттық жүйелер арқылы беру тәртібі жайлы айтты.

Интернет жүйесімен қолдану тәртібі

14/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында «Интернет жүйесімен қолдану тәртібі» тақырыбымен семинар өткізілді. Іс-шарада сот мәжілісінің хатшылары мен сот мамандары және Қостанай облыстық соты кеңсесінің  «INTEGRITY-A-A» ЖШС-нің маманы Ж. Төлебаев қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Д. Шаяхметов қатысушыларды интернет жүйесін қолдану тәртібімен және қолданушының міндеттерімен, жауаптылығымен таныстырып, интернет жүйесін қолдану тәртібін ұстануға назарларын аударды.

Мемлекет пайдасына ақшалай қаражатты өндіру туралы

14/06/2016

Алматы гарнизонының әскери сотында талапкер Мемлекеттік Мекеме «2101 әскери бөлімі» жауапкер Тертюбаев Айдын Аульбаевичтен мемлекет пайдасына 1 043 239 тенге 23 тиын қаражатын өндіру туралы талап арызы бойынша шешім шықты.

Тұрғын үй орнына ақшалай қаражатты өндіру туралы

14/06/2016

Алматы гарнизонының әскери сотында, талапкер Бимурзаев Ж. жауапкер Республикалық Мемлекеттік Мекеме «Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардия әскери бөлімі» тұрғын үй орнына ақшалай қаражатты өндіру туралы талап арызы бойынша шешім шықты.

Талапкер Бимурзаев Ж. талап арызды толық қуаттап,  жауапкер Республикалық Мемлекеттік Мекеме «Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардия әскери бөлімі» тұрғын үй орнына ақшалай қаражатты өндіруді талап етті.