Мемлекет пайдасына ақшалай қаражатты өндіру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизонының әскери сотында талапкер Мемлекеттік Мекеме «2101 әскери бөлімі» жауапкер Тертюбаев Айдын Аульбаевичтен мемлекет пайдасына 1 043 239 тенге 23 тиын қаражатын өндіру туралы талап арызы бойынша шешім шықты.

Талапкер өкілі Тергенбаев К., талап арызды толық қуаттап, келесідей көрсетті, Алматы гарнизоны әскери сотының 29 қазан 2012 жылғы үкімімен Мемлекеттік Мекеме «2101 әскери бөлімі» жауапкер Тертюбаев Айдын Аульбаевичтен материальдық шығынды өтеу туралы талап арызы бойынша мемлекет пайдасына 6 770 449 тенге 23 тиын жартылай қанағаттандырылған болатын. Тертюбаев Айдын Аульбаевичтен 5 783 097 тенге өндірілді. 987 353 тенге 23 тиын өндіру туралы талапты азаматтық іс жүргізу тәртібінде қарауды қаулы етті.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 47 тарау 917 бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген (мүліктік және мүлікті емес) зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс. Осы бапты басшылыққа ала отырып, талапкер Мемлекеттік Мекеме «2101 әскери бөлімі» өкілі Тергенбаев К. талап арызды толық қанағаттандыруды сұрады.

Сот шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылып, жауапкер Тертюбаев Айдын Аульбаевичтен мемлекет пайдасына 1 043 239 (бір миллион қырық үш мың екі жүз отыз тоғыз) тенге 23 тиын, сондай-ақ мемлекеттік баж салығына жауапкер Тертюбаев Айдын Аульбаевичтен мемлекет пайдасына 31 298 (отыз бір мың екі жүз тоқсан сегіз) тенге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.  

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі