Архив событий

16/06/2016

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

16/06/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық  Кодексінің  190 бабының 2-бөлігінің 1, 3 тармақтарымен айыпталған  әскери қызметші «Е»-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қорғаныс Министрлігінің талап арызы қанағаттандырылған...

16/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен пәтерге құқығын жоғалтқаны жөнінде тану және қызметтік пәтерден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі жауапкер Р.В.Абдухаировты, З.Абдухаированы, Т.Абдухаировты, И.Абдухаировты және Д.Абдухаированы пәтерге құқығын жоғалтқаның тану және О.Байжумаевты, Ж.Айдар, Д.Меделханды, Н.Меделханды жалға берілген келісім-шарты жарамсыз деп танып, басқа тұрғын үймен қамтамасыз етпей, қызметтік пәтерден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

«Ашық есік күні»

16/06/2016

2016 жылдың 23 маусым күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейінгі уақыт аралығында Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.С. Молдабаевпен Щучинск қаласында «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлайды.

Іс-шараға барлық тілек білдіруші азаматтар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлімдердің, әскери тергеу органдарының және әскери полиция бөлімдерінің  әскери қызметкерлері қатыса алады.

Іс-шараның  мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Брифинг өткізілді

16/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг Өскемен гарнизоны әскери сотымен 15 маусым 2016 жылы қаралған, адам өлімі орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша өткізілді. ЖКО салдарынан жас әйел қайтыс болып, соңында кішкентай қызы қалды.

Атқару парағының төлнұсқасын беру туралы арыз қанағаттырусыз қалдырылды.

16/06/2016

 

Семей гарнизоны әскери сотымен 21450 әскери бөлімінің Б.Н.Атақановтан 531724 тенге өндіру туралы талап арызы бойынша атқару парағының төлнұсқасын беру туралы арызы қаралды.

Арыз беруші өзінің арызында атқару парағының жоғалғанын көрсеткен. Алайда арыз беруші 21450 әскери бөлімі атқару парағының жоғалғаны туралы дәлелдеме ұсынбаған.  Мұндай жағдайда сот арызды қанағаттандырудан бас тартты.

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

16/06/2016

Қазақстан Республикасы судьяларының VI Съездінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, еліміздің сот жүйесін модернизациялау - стратегиялық мақсат болып табылатынын айтып өтті.  

Сот төрелігінің мінсіз жүйесін, сот жүйесіне азаматтардың сенімін арттыру, сот іс жүргізуін жеңілдету, жеделділігі мен ашықтығының деңгейін көтеру мақсатында, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыруда заманауи технологияларды енгізу бойынша көптеген іс шаралар жүзеге асырылды.

«Алау» радиосы эфирінде кеңсе меңгерушісі сұхбат берді

16/06/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Д.Т. Шаяхметов «Алау» облыстық радиосының эфирінде «Медиацияны  қолдану  туралы» такырыбы бойынша сұхбат 6epдi.

Алғашқы сөзінде медиация бойынша азаматтық-құқықтық дауларды реттеу мәселелері  жеткізілді.

Осы процедуралар сот қаржылық шығындарымен салыстырылғанда медиацияның шығындары төмен болғанына, уақыт шығындары қысқартылғанына және құпиялылығына пәрмендік механизм болып шығады деді.

Семинар өткізілді

16/06/2016

16.06.2016 жылы ҰҚК ШҚ 2201"а" әскери бөлімінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ол үшін жауапкершілік» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға 2201 "а" әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен әскери бөлім заңгерлері қатысты.

Заңды фактіні анықтау туралы

16/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында Н.Кайранбаевтың  анасы К.Маякованы отбасы мүшесі деп танып,  оның асырауында екендігін заңды факті деп тану туралы талап арызы бойынша шешім шықты.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді.

16/06/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьялары С.К. Баймулдинов «Ардагер» ҮЕҰ Республикалық Ауған соғысы және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық одағының төрағасымен формалды емес түрде кездесу өткізді.

Call-орталығынан келіп түсетін жүгінулерді тіркеу

16/06/2016

Қапрағанды гарнизоны әскери сотының мамандары «Call-орталықтардан келіп түсетін  жүгінулерді тіркеу» мәселесіне байланысты  семинарлық оқу өткізді.

Сот кеңсесінің бас маманы Т.В.Старченко Call-орталығынан түскен шағымдарды тіркеу жөніндегі Нұсқаулықпен қатысушыларды таныстырды. Сонымен қатар, Call-орталығынан түскен қоңыраулар алдымен Соттар әкімшісінің басшысына, оның орынбасарына және кеңсе меңгерушісіне түседі және де қосымша салынған аудиофайлдармен бірге тіркелетіндігін,  ал өтінішті орындау мерзімі 24 сағат екенін ескертті.     

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы әскери қызметшілермен кездесу өткізді

16/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С.Байжанов пен жетекші маман А.Қ. Серікбаева ҚР-сы Ұлттық ұланының 52859 әскери бөлім әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.

Төраға әскери сотта қаралған сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істерге шолу жасап, сотталғандарға  тиісті мөлшерде айыппұлдар салынып және де қылмыстық жолмен келген мүліктері тәркіленіп, мемлекеттік органдарда, Қарулы Күштерде өмір бойы мемлекеттік қызметті атқаруға тиым салынып, әскери  атақтарынан айрылғандарын айтып, мысал келтірді.