Жаңалықтар

Job Fair 2024

12/04/2024

MAQSUT NARIKBAEV атындағы (КАЗГЮУ) универститетінде  мемлекеттік, жекеменшік ұйымдардың өкілдері және жас мамандардың қатысуымен «Job Fair 2024» іс-шарасы өтті.

Job Fair - университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған жыл сайынғы өткізіліп отыратын іс-шара.

«Халықпен бірге!» акциясына қатысу

08/04/2024

Қазіргі уақытта Астана қаласының маңындағы елді мекендерді су басу қаупі бар.

 Ақмола облысының Тайтөбе ауылында су басу қаупін жою мақсатында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Жоғарғы Сот басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған «Халықпен бірге!» акциясына Әскери соттардың судьялары мен Сот әкімшілігі департаментінің қызметкерлері қатысты.

Су басу қаупін азайту үшін құм салынған қаптар дайындалды.

 

Шымкент гарнизонының әскери сотында дөңгелек үстел өтті

03/04/2024

Шымкент гарнизонының әскери сотында сот төрағасы А.Джанасовтың төрағалық етуімен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шара жұмысына гарнизондардың әскери прокурорлары, әскери бөлімнің заңгерлері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, судьялар, сот әкімшісінің басшысы және мамандар қатысты.

Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру

03/04/2024

2024 жылдың бірінші тоқсанында гарнизондардың әскери соттарында сот жүйесінде мемлекеттік тілді жетілдіру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар жұмысына Бас әскери прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасының және өңірлік гарнизондардың әскери полиция басқармасының өкілдері мен әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Іс - шаралардың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін арттыру.

Әскери сотта студенттерге арналған оқу сот процесі өткізілді

02/04/2024

2024 жылғы 29 наурызда «Алқа билердің қатысуымен қаралатын істер» тақырыбында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Е.Шәріпбековпен, Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурамен және Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Д.Х.Наймановамен қылмыстық іс бойынша студенттер арасында оқу сот процесі өткізілді.

Алқа билер ретінде Еуразия ұлттық университетінің және М.Нарықбаев атындағы университетінің студенттері қатыстырылды.

Әскери қызметші бюджет қаражатын «Olimp» платформасындағы ұтыс ұту үшін пайдаланған

12/03/2024

Ақтөбе гарнизонының әскери сотымен аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша әскери қызметші С.–ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. (ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-б. 2-т.)

ҚР Әскери сотында Департамент басшысы А.Әлиев Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өкілдерімен кездесу өткізді.

01/03/2024

ҚР Әскери сотында Департамент басшысы А.Әлиев Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өкілдерімен кездесу өткізді.

ЖЖМ-ні жымқыру фактісі бойынша үкім жарияланды

13/02/2024

Ақмола гарнизоны әскери сотында Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. (ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы және ҚК-нің 453-бабы 2-бөлігімен

Беттер