Жарияланымдар

Қазақ

Латын графикасындағы әліпбиіміз де кез келген заң нормалары сияқты нақты және әртүрлi түсiнік туындатпағаны жөн "ZANGER" журналы №5 мамыр 2021

Латын графикасындағы әліпбиіміз де кез келген заң нормалары сияқты нақты және әртүрлi түсiнік туындатпағаны жөн

 

Бәрімізге белгілі, 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының № 569 Жарлығы жарияланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың латын ғәрпіне көшу туралы ресми мәлімдемелері мен шешімдері аталған мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданғанын көрсетеді.

Әділ соттың негізі –судьялық әдеп қағидаларын сақтау «Заңнама» газеті 17.04.2021

Әділ соттың негізі –судьялық әдеп қағидаларын сақтау

Қазақ халқы адам құқығын қорғау мәселесіне терең бойлап, оның мақасаттымен мәнісіне жете баға берген. «Би төртің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой және әділдік»-деген тұжырым соның айғағы. Бұл ойдың түп тамырынан аққа жақ болуы тиісті судьяның түйсік - түсінігі қандай болуы керектігі аңғарылады.Жалпы, судьялар қызметтін өркениетті  елдерде қалыптасқан өлшемдер  негізінде таразыласақ,  сот төрелігінің әділдігімен жедел әрі толық орындалуы- кез келген елдің кемел болмысының көрінісі

Әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу – басты міндет "Askeri Zanger" 4(52) сәуір

Әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу – басты міндет

 

Еліміздің Конституциясына сәйкес, әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Заңдылықта сақтау - Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы болып табылады. 

Ал, құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.

«Мүлікке меншік құқығы туралы даулар (тұрғын үйге)» Qalqan газеті 28.04.2021

 

«Мүлікке меншік құқығы туралы даулар (тұрғын үйге)»

 

        Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.

Еңбек даулары «Қызмет»газеті 27.04.2021

                                               Еңбек даулары

    

         Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында бекітілген әркімнің өз құқықтары  мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы еңбек құқықтық қатынастарына қатысушыларға да қолданылады.

         Еңбек дауы дегеніміз –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдерді, еңбек және ұжымдық шарттардың,жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер.

«Қамқорлық жасаймын» деп құрықталды атты мақала жарияланды.

Ақтау гарнизоны әскери сотының бас  маманы  Қ.Елдашбаеваның  «Қамқорлық жасаймын» деп құрықталды  атты мақаласы жергілікті «Маңғыстау» газетінің бетіне жария етілді.

Мақалада мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі, бірінші кезекте, негізгі буыны сот  төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіне байланысты екендігі, пара алып үйренген мемлекеттік қызметкердің адал қызмет атқармайтындығы, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінбейтіндігі айтылған.

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ-ИМАНДЫЛЫҚТА.

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ-ИМАНДЫЛЫҚТА.

 «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында  Елбасы «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз-жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек»-деген болатын.

Беттер