Архив событий

17/06/2016

Астанада Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтуде.

17/06/2016

Бүгін,  «Алатау» спорткешенінде өңірлік спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті, оның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Судьялар одағы болып табылады.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Судьялар одағының төрағасы С.К.Байбатыров, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А.Аманшаев, ҚР Әскери сотының төрағасы С.Абдуллаев, Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев және т.б. жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Алматы гарнизонының әскери сот қызметкерлерімен семинар сабағы

17/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында «Атқару құжаттарды, сот актілерін және  сот бұйрықтарын орындау үшін жіберу» тақырыбына сот мамандары мен Алматы қаласының Әділет Департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Е.Б. Динистанов,  сот мамандарының назарына, сот құжаттарын орындау үшін атқару қағаздарын тек «Төрелік» ақпараттандырылған жүйесі бойынша жіберілетіндігін айтты және атқару парақтарын қағаз түрде жіберілмейтіндігін ескертті.

Қосымша жаза мен шектеудің орындалу тәртібі.

17/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында сот тағайындаған қосымша жаза мен шектеуді орындауға қатысты оқу өткізілді. Жүргізуші, әскери соттың төрағасы Қ.С. Байжанов, қатысушыларды Қылмыстық кодекстің сотталғандарға қосымша жаза мен шектеу тағайындау қаралған санкцияларымен таныстырып өтті. Сонымен, судья жиналғандарға жоғарыда көрсетілген жазаның түрі тағайындалған сот үкімін орындау тәртібі жөнінде түсіндірме жасады.

Тілдерді үйрену және білу

17/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында судьялар және кеңсе қызметкерлерінің, сондай-ақ,  Қостанай гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің заңгерлері қатысуымен тілдерді үйрену және білу тақырыбында жедел кеңес өткізді.

Әскери соттың төрағасы А. Исабеков «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР-сы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына ҚР-сы Президентінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 126 санды  Жарлығымен өзгерістер енгізгені туралы түсініктемлер берді.

«Азаматтық істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау» тақырыбында семинар өткізілді

17/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Б. Жұмабеков,   «Азаматтық  істерді оңайлатылғаніс жүргізу тәртібімен қарау»   тақырыпта семинар өткізді.

Семинарлық оқуды  жүргізген судья,  оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер туралы және оның ерекшеліктері жайлы айтып өтті.          

Яғни,  аталмыш санаттағы  азаматтық істі судья бір ай ішінде қарайтындығын  және ҚР АПК-нің 144 бабының 2 бөліміне сай, істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды,- деді.

Әскери қызметкерлердің арасында қылмыстың алдын-алу шаралары

17/06/2016

16.06.2016 жылы Семей гарнизонының әскери сотында «Әскери қызметкерлердің арасында қылмыстың алдын-алу шаралары» туралы семинар өткізілді. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы  Мягкова-Казанцева С.В. өз сөзінде әскери қызметкерлердің қылмысты жасаудағы көрсеткішінің азайғаны туралы айтты. Сонымен қатар әскери бөлімдерде әскери қызметкерлермен құқықтық жұмыстар үнемі жүргізілетіні жөнінде айтылды.

«БАҚ және Қарағанды гарнизоны әскери қызметшілері үшін ақпарат»

17/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздіқ және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Саламатов Тұрсын Саламатұлы осы жылғы 21 маусымында сағат 10.00-ден 12.00 дейінгі уақыт аралығында сыбайлас жемқорлықтың көріністерін сот жүйесінде  болдырмауға бағытталған жоспар бойынша  әскери сот ғимаратында қабылдау жүргізеді.

Азаматтық іс талаптан бас тартуына байланысты қысқартылды

17/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында теріс себеппен әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылған 6697 әскери бөлімнің бұрыңғы әскери қызметшісі А.Ткаченкодан 160 586 теңге көлеміндей ақшалай қаражат бойынша берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша оңайлатылған (жазбаша) тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Жауапкермен берешек толық өтелгенін,  банктің түбіртегімен расталғаннан кейін, талапкердің өкілінен талаптан бас тарту туралы  арыз түсті.

«Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел

17/06/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат Ақтау қаласының Әуе қозғалысын басқару орталығында әскери қызметшілермен «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа құжаттарды электронды түрде ұсынудың шарттары, яғни талап арыз беру, сот отырысының хаттамасының электронды көшірмесін алу, сот отырысының хаттамасына арыз-ескертпе беру, электронды өтініш беру мүмкіндігі жөнінде түсіндірілді.