Архив событий

30/06/2016

5451 әскери бөлімде өткізілген семинарлық оқу.

30/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С. Байжанов пен жетекші маман А.Қ. Серікбаева 5451 әскери бөлім қызметшілерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - әскери тәртіптің негізі», «Мемлекеттік тілдің іс жүзінде қолдану аясын кеңейту» және «Сот актілерінің заң талаптарына сай орындалуы» атты айдарымен семинар өткізді.

Сот төрағасының радиодағы сұхбаты

30/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта «Қазақ радиосына» ақпарат берді.

Сот залынан...

30/06/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арыз беруші Г.Б.Бексултанова мүдделі тұлғаларға Талдықорған гарнизонының тұрғын үй комиссиясына және Талдықорған аудандық пайдалану бөліміне  қалдық құны бойынша қызметтік пәтерді жекешелендіруге құқығын танып тұрғын үй комиссиясының шешімін жою және заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

«Қазақ радиосындағы» шығарылым

30/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Ж.Бактиярова «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру туралы» атты тақырыпта «Қазақ радиосында»  ақпарат берді.

Маман өз сөзінде, жеделділік пен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ азаматтардың электрондық сот ісін жүргізуге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, республика соттарында «Сот кабинеті» сервисі қызмет атқаруда екендігін айтып өтті.

Сот оқуға жұмсалған шығынды өндірді.

30/06/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында талапкер 5573 әскери  бөлім командирінің М-нан, оның оқуына жұмсалған шығынды өндіруді сұраған талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

М әскери Институтта оқуын бітірген соң, аймақтық басқарма басшылығының бұйрығымен әскери бөлімге тиісті лауазымға тағайындалды. Алайда, 2015 жылдың 25 желтоқсанында теріс себептерге байланысты әскери қызметтен босатылды.

Судья А.Даменов радиода ақпарат оқыды

30/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы А.Даменов «Қазақ радиосына» Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының нормаларын талқылау бойынша ақпарат берді.

Судья өз сөзінде, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» қолданыстағы Заңына сәйкес, медиация – тараптардың арасындағы дауды (жанжалдарды) ерікті түрде оңды шешуге бағытталған, медиатордың ықпал етуімен реттелетін процедура болып табылатынын айтты.

Жеке табыс салығын өндіру туралы

30/06/2016

2016 жылдың 24 маусымында Алматы гарнизоны Әскери сотында талапкер И.Курманбек  жауапкер «Алматы аудандық пайдалану бөлімі» ММ-нен ұстап қалған жеке табыс салығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралған.

Тұжырымдаманы талқылау

30/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 28 маусымда ҚР соттарының БАҚ-мен өзара іс-қимыл Тұжырымдамасын талқылауы өтті. Оған әскери соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Әскери соттың төрағасы Исабеков А.О. іс-шараны жүргізіп, Тұжырымдама сот органдарының қызметін объективті және кәсіби негізде ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әзірленді, бұл нәтижесінде халықтын сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететінін және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруіне септігін тигізетінін атап айтты.

Атқару парағының төлнұсқасын беру туралы арыз қанағаттырылды.

30/06/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен аға сот орындаушының Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің М.Е.Қайыркеновтен оқуға жұмсалған 8 148 213 теңге бюджеттік қаражатты өндіріп алу туралы талап арызына қатысты азаматтық іс бойынша атқару парағының төлнұсқасын беру туралы арызы қаралды.

Арыз беруші өзінің арызында атқару парағының жоғалғанын көрсетіп, дәлел ретінде атқару парағының жоғалғаны туралы акт ұсынған.  Мұндай жағдайда сот арызды қанағаттандыруды дұрыс деп санап, қанағаттандыру туралы ұығарым шығарды.

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы 97638 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерімен кездесті

30/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі 97638 әскери бөлімінің ғимаратында Қорғаныс Министрлігі әскери қызметкерлерімен, сондай-ақ командир, оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасарларының қатысуларымен жаңадан шақырылған әскери қызметкерлер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында кездесу  өткізді.

«Сот актілерін орынудау»

30/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Б.А. Исабекова  Алматы облысы Қапшағай қаласында әскери бөлім қызметкерлерімен, Әскери прокуратура қызметкерлерімен «Сот актілерін орындау»  атты тақырыпқа  дөңгелек үстел өткізді.

Жиын барысында, сот актілерін орындалу сұрақтары талқыланды, одан басқа  олардың орындалу барысында қандай қиындықтар туындайды. Алматы қаласында және Алматы облысы бойынша әділет департаментерінде  жұмыс тобы  ашылғаны және олармен тығыз  жұмыс жүргізуін  қажеттілігі туралы айтылды.

«Қылмыстық теріс қылықтар»

30/06/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай 2016 жылдың  24 маусымында  Алматы облысы Қапшағай қаласында әскери бөлім қызметкерлерімен, адвокаттармен, Әскери прокуратура қызметкерлерімен және әскери тергеу, әскери полиция қызметкерлерінің «Қылмыстық теріс қылықтар» атты тақырыпқа  дөңгелек үстел өткізді.

Жиын барысында, қылмыстық процессуалдық кодексінің, қылмыстық  кодексінің  дұрыс қолдануы тәжірибесінің сұрақтары талқыланды.

Аталған тақырып бойынша, жиынға қатысыушылар өз пікірлерімен алмасты.

«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамыту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

30/06/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамыту» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Ұлттық Ұланы және басқа да әскери құрылымдардағы заң қызметтері қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Дыбыс-бейнежазба техникалық құралдарын қолдану тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.

30/06/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлер қатысуымен «Дыбыс-бейнежазба техникалық құралдарын қолдану тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді. Бас маман-сот отырысың хатшысы Б.Тулегенова сот  отырысындағы дыбыс-бейнежазба техникалық құралының маңыздылығын, қолдану тәртібін түсіндіріп өтті. Бұл дыбыс-бейнежазба техникалық құралы арқылы - сот отырысы залында болып жатқан жағдайлардың бәрiн өз көздерiмен көруi қамтамасыз етiліп, азаматтық қылмыстық істерді  басынан аяғына дейiн қатысуы және бейнетаспаға жазып алуды көздейді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

30/06/2016

Ақтау  гарнизонының әскери сотында мерзімді әскери қызметін өткеруші Г-ке қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотталушы Г. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 419 бабының 2 бөлігімен айыпталған, яғни қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзген. 

Қылмыстық істі сотта қарау барысында, тараптар медиатордың көмегіне жүгініп, өзара татуласты.

Құжаттарды апелляциялық сатыға қабылдау, есепке алу және жолдау

30/06/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 28 маусымда апелляцилық, жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу, апелляциялық сатыға істерді жолдау тақырыбымен семинар өтті.

Әскери соттың  кеңсе меңгерушісі Д.Т. Шаяхметов «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу Ережелерінің» 9 тарауының  талаптарына сәйкес аталмыш құжаттар сотқа түскен күні тіркелуге жататындығын айтып өтті.