Тұрғын үй орнына ақшалай қаражатты өндіру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизонының әскери сотында, талапкер Бимурзаев Ж. жауапкер Республикалық Мемлекеттік Мекеме «Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардия әскери бөлімі» тұрғын үй орнына ақшалай қаражатты өндіру туралы талап арызы бойынша шешім шықты.

Талапкер Бимурзаев Ж. талап арызды толық қуаттап,  жауапкер Республикалық Мемлекеттік Мекеме «Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардия әскери бөлімі» тұрғын үй орнына ақшалай қаражатты өндіруді талап етті.

Жауапкер өкілі Н.Губашев талап арызды толығымен қуаттамай, келесідей көрсетті:

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы Қаулысымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығына жиырма жылдық күнтізбелік әскери қызметі бар және ол жылдан асқан әскери қызметкерлер жататындығын атап көрсетті. 5572 әскери бөлім командирінің 9 желтоқсан 2015 жылы шыққан №327 бұйрығымен жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру бұйрығы шығып, ол бұйрық 21 сәуір 2016 жылы №102 бүйрығымен күшін жойды.

Сот шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі