Интернет жүйесімен қолдану тәртібі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында «Интернет жүйесімен қолдану тәртібі» тақырыбымен семинар өткізілді. Іс-шарада сот мәжілісінің хатшылары мен сот мамандары және Қостанай облыстық соты кеңсесінің  «INTEGRITY-A-A» ЖШС-нің маманы Ж. Төлебаев қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Д. Шаяхметов қатысушыларды интернет жүйесін қолдану тәртібімен және қолданушының міндеттерімен, жауаптылығымен таныстырып, интернет жүйесін қолдану тәртібін ұстануға назарларын аударды.

Шара соңында қатысушылардың оларды қызықтыратын сұрақтарды маман Төлебаевқа қоюға және жауап алуға мүмкіндігі болды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі