Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Е.Джуминнің Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті» РММ-не  ШҚО Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті бастығының 13 ақпан 2015 жылғы №28 бұйрыққа 17469000 теңгенің орнына сәйкесінше, 23184000 теңге өндіру туралы өзгерістерді енгізуге міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өз арызында келесіні көрсетті: Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті бастығының 13 ақпан 2015 жылғы №28 бұйрығына сәйкес, талапкердің пайдасына қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру орнына қайтарымсыз 17 469 000 теңге көлемінде өтемақы өндірілген. Яғни, 1 шаршы метрге 194 100 теңге есебінен алғанда, 18 шаршы метрді отбасы мүшелеріне көбейткен. Алайда, 14 қаңтар 2016 жылғы №41-4/29 санды нарықтағы тұрғын үйдің құны туралы экспресс анықтамаға сәйкес, 2015 жылы 1 шаршы метрдің бағасы 257 600 теңгені құраған. Соған байланысты, соттан 13 ақпан 2015 жылғы №28 бұйрыққа 17469000 теңгенің орнына сәйкесінше 23184000 теңге өндіру туралы өзгерістерді енгізуге міндеттеуді сұрады.

Әскери соттың шешімімен Е.Джуминнің талап арызы, талап ету уақытының өтуіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі