Шымкент гарнизоны Әскери сотында террористік қауіптіліктің сары деңгейі белгіленуіне байланысты түсіндірме жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери  сотында сот төрағасы Г.К.Мынбатыров және Мамандандырылған «Күзет» қызметі басқармасы өкілдерінің қатысуымен террористік қауіптіліктің сары деңгейі белгіленуіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сот төрағасы Г.К.Мынбатыров белгіленген террористік қауіптіліктің сары деңгейі жөнінде айтып, сот ғимаратында және оның аумағында төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтіп, сот процестеріне келген азаматтарды сот залдарына мұқият тексеріп, тек жеке куәлігі бар азаматтарды, ұялы телефондарын алып кіргізуді қатаң тапсырып «Сот ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі» ҚР ІІМ-нің және Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысының бірлескен   бұйрығын     талқылады.

Сот приставы Ф.Ганжиев  рұқсатнамалық  тәртіптеме жалпы және  ерекше  түрге  бөлінетінің және  ғимаратқа  бейтаныс тұлғалардың  кіруін,  тыйым салынған  заттардың,  жарылу құралдарының  кіргізілуін сонымен қатар қызметтік құжаттардың шығарылуын т.б.  болдырмау  мақсатында орнатылатының мамандарға түсіндірді. Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметкерлері сот ғимаратында өз  қызметін  атқару барысында ОҚО облыстық, аудандық және оған теңестірліген сотының ғимаратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету тәртібі туралы Ережесін басшылыққа  алатыны және Қазақстан Республикасы Ішкі істер  органдары қызметкерінің  ар-намыс Кодексінің  талаптарын  сақтауға міндетті екендігі айтылды. Судьялар,  кеңсе  қызметкерлері, сот отырысының  қатысушылары,  келушілер және  өзге  де  қызметкерлер үшін рұқсатнамалық  тәртіптеме жұмыс күндері  сағат 8.30-дан 18.30-ға  дейінгі аралықта  жүзеге асырылатынын айтып өті.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі