Семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, соған байланысты мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери сотында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен еңбек тәртібін сақтау мақсатында, аға сот пристав Ж.Курманов семинар өткізді.

Ж.Курманов өзінің баяндамасында мамандарда еңбек тәртібі туралы айтып, семинар қатысушыларының назарына мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың орындалуын жеткізді.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекет мүддесін қорғауы, тәртіпті бұлжытпай орындап,  өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсап, адал және сапалы түрде өздерінің кәсіби мінддетерін атқаруы, жемқорлыққа қарсы тұруы, басқа адамдардың ар-ожданын сыйлап, мемлекеттік биліктің беделін көтеруі және сыпайы әрі сабырлы болуы керек.

Семинар сабағы соңында аға сот приставы мамандарға еңбек тәртібінің қатаң сақталуы мен мемлекеттік билік беделін көтеруді ескертті.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі