Шымкент гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Г.Себаева көшпелі семинар сабағын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі  ОҚО Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қызметкерлері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» тақырыбында көшпелі семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, жемқорлық қоғамның жағымсыз бөлігі болғандықтан, бұл мәселе мемлекеттік деңгейге қойылып, жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылғаны туралы және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылатыны, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылатыны туралы айтылды.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Заңы нормаларының сақталуы жөнінде айтып өтті.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі