БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Ж.Жүнісбеков  қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының  (БАҚ) қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Сот төрағасы өз сөзінде  бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық және құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызы өте зор  рөл атқаратынын, БАҚ өмірі елеулі оқиғалар мен құбылыстармен барша тұрғындарды таныстыратындығын сонымен қатар белсенді қоғамдық пікірді қалыптастыруға, сындарлы күштердің топтасуына ықпал ететінін атап өтті. Журналисттер объективті болуы керек, сонымен қатар кәсіби мүмкіншіліктермен қоса, жоғары моралдық қасиеттерге  ие болуы қажет. Төраға А.Ж.Жүнісбеков БАҚ қызметкерлеріне олардың белсенді қызметі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта сот билігі органдарымен бұқаралық ақпарат құралдары сот билігінің беделін көтеруге деген тығыз қарым-қатынасты жалғастыратынына сенімділігін білдірді.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне сот қызметін атқаруға байланысты өзекті мәселелерді, азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған құқықтық реформалар туралы  сапалы материалдар дайындап және олардың баспаға жедел жариялануына, сот билігі органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, белсенді жұмыс атқарғандары  үшін ерекше алғысын білдірді.

Сонымен қоса журналистерге: «Құрметті достар! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. сіздерге шын жүректен шабыт, жаңа идеялар мен шығармашылық жобаларыңыздың ойдағыдай жүзеге асуына тілектеспіз. Сіздерге және сіздің жақындарыңызға бақыт пен  табыс, амандық  тілеймін». деп айтып өтті.

Іс-шараның соңында сот төрағасы  кездесуге қатысушыларға сот жүйесінің қызметін ақпараттық жариялаудағы белсенді жұмыс жасағаны  үшін алғыс білдіріп, оларға «Алғыс хат» тапсырды

 

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі