ҚР Жоғарғы Сотының Call-Орталығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында кеңсе мамандарының арасында «ҚР-сы Жоғарғы Сотының Call-Орталығы» тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Б.Ж.Омаров өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Call-Орталығының негізгі бағытты мен оның мақсатты және тапсырмаларына тоқталып, нақты түсіндірді.

Семинар сабағын өткізудің басты мақсаты – қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтай отырып, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқарған кезінде жалпы қабылданған моральдық-эдептілік нормаларын қатаң түрде сақтау мен орындалуын қадағалау.

Кеңсе меңгерушісі Б.Ж.Омаров қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өз кәсіби деңгейімен біліктілігін арттыру қажет екендігіне семинарға қатысушылардың назарын аударды.

Семинарға қатысушылар осы талқыланған тақырыпта өзара ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі