«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында, сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қойып, мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайтыны көрсетілген.

Осы орайда Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Ұлттық Ұлан, Қорғаныс Министрлігі әскери бөлімдері мен әскери басқармалардың басшылығы қатысты.

Сот төрағасы Д.Баймакулов өзінің сөзінде, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарын айтып берді. Сондай-ақ, сот төрағасы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылуына бағытталғанын айтып өтті. 

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететінін, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтінін төраға ерекше айтып көрсетті. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары адам мен азаматтың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауға, заңдылыққа, жариялылық пен ашықтыққа, мемлекет пен азаматтық қоғам бірлестігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі әрі кешенді жүргізуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға шаралар қолдануға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін тұлғаларды ынталандыруға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейтуге бағытталған.

Сот төрағасы соңында, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі ең бірінші заңның үстемділігінде, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен қызметтерінің жариялығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сәттілігінің негізі болып табылатынын айтты.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі