Өскемен гарнизоны әскери сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

13 маусым 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Ерубаева сот қызметшілеріне Call-орталықтардан келіп түсетін  жүгінулерді тіркеуді түсіндірді.

Кеңсе меңгерушісі Call-орталықтан «Төрелік» АЖ-не қоңырау келіп түскен кездегі іс-әрекетті, соның ішінде құжатты тіркеу үшін ең алдымен кіріс құжаттың барлық қажетті реквизиттерін толтыру қажеттігін айтты. Жүйе автоматты түрде орындауға 1 тәулік уақыт беріп, Call-орталықтың орындаушы операторын қояды. Сондай-ақ, Call-орталық қызметкерлері құжатты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметкерлеріне немесе басқа аумаққа орындауға жіберу мүмкіндігі бар. ҚР ЖС қызметкерлеріне орындауға жіберу үшін «Орындаушы» бөлігінде орындаушының тегін енгізіп, сондан кейін ғана «тіркеу» пәрменін басу қажет. Ал басқа аумақтарға орындау үшін жіберген кезде Call-орталық операторы «Орындаушы» бөлігіндегі мәтінді өзгертпей, «тіркеу» пәрменін басады. Осыдан кейін орындау бөлігін ашып, «тапсырма жазылсын» тетігін басу керек.

Соңында Ж.Ерубаева Call-орталықтан келіп түсетін жүгінулер 1 тәулік ішінде орындалуы қажеттігін ерекше атап өтті. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі