Кездесу барысында практикалық көмек көрсетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен Алматы облысы бойынша сот сараптама Институтында «Сот кабинеті сервисінің мүмкіндіктері» атты тақырыпта дөнгелек үстел өтті. Аталған жиында Алматы облысы бойынша сот сараптама Институтының директоты Абдрахманов С.Е және Институт сарапшылары қатысты.

Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі Н.Нурманова  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының www.sud.kz  ресми  сайтында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі жұмыс істейді,  онда азаматтар, олардың  өкілдері және қорғаушылары сотқа талап қою өтініштерін, апелляциялық және кассациялық шағымдарды, қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарауға қолдау хаттарын, электронды түрде өтініштерін бере алатындығын, онлайн режимінде мемлекеттік бажды төлеу, сот құжаттарын  қарау, сонымен қатар іс бойынша мәртебесін және сот актілерін шығарып алуға болатындығын атап өтті.Ал бүгінгі күнде аталған жүйені одан әрі жетілдіру қолға алынып отырғандығын айтып өтті.

Сонымен қатар, Институт директоры С.Е.Абдрахмановтың өтініші бойынша кеңсе меңгерушісі Н.Нурмановамен «Сот кабинеті» сервисіне Институт сарапшыларын тіркеу бойынша көмек көрсетілді.

Дөнгелек үстелге қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану жөнінде және «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық құжаттарды жолдау тәртібі бойынша түсініктеме берілді.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі