«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Әскери сотының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес сот мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Семинарға Әскери  соттың әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің бас маманы С.Асылбеков және кеңсе мамандары қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында 2015 жылғы 18 қарашасынан қолданысқа енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.

Семинар барысында С.Асылбеков  өз сөзінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін, осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу - өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке тұлғалардың қызметі және парызы екендігін айтып жеткізді.

Іс-шара соңында, ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан да сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жағдайын жасауымыз қажет деп атап өтті.

Семинарға қатысушылар талқыланып жатқан тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар өз септігін тигізетіндігі туралы ортақ ой түйді.  

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі