Қазақстан Республикасының Әскери сотында дөңгелек үстел өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін, Қазақстан Республикасының Әскери сотында судья В.Рычковтың төрағалық етуімен «Қылмыстық істер бойынша сот актілеріне апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру новеллалары және апелляциялық сатыда қарау тәжірибесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Бас әскери прокуратураның өкілі Н.Узаков, Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Е.Қожа-Ахмет, Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланы заң департаменттерінің заңгерлері, сонымен қатар Астана қаласында орналасқан әскери бөлімдердің заң кеңесшілері қатысты.    

Судья В.Рычков өз сөзінде, ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілгенін, яғни 1 жылдан астам уақыт соттар,  соның ішінде апелляциялық сатының құзыретіне қатысты, жаңа заң талаптарын қолданып жұмыс жасалып жатқанын айтып өтті.

Судья өзінің баяндамасында «Соттың заңды күшіне енбеген шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, наразылық білдіру» атты ҚПК-нің 48 бөлігіне тоқталып, қатысушыларға осы бөліктің  заң нормаларын ескі редакциядағы кодекспен салыстыра отыра, нақтылап түсіндіріп берді.

Әскери прокуратура өкілі өз сөзінде, сотпен әскери бөлімдердің басшылығына немесе басқа өкілетті тұлғаларға қатысты жеке қаулылар шығарылған жағдайда, ақырғыларының жеке қаулыға шағым келтіру құқықтарын мүлдем пайдаланбайтынын және әрдайым жазамен келісетіндігіне қатысушылардың назарын аударды.     

Дөңгелек үстел барысында сот актілеріне шағым келтіру бойынша басқа да мәселелер талқыланды.

Іс-шара барысында қатысушылар қызу талқыға түсіп, өз ойларымен белсенді бөлісті.

Жиын соңында қонақтар іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың пайдасын айтып өтті.   

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі