Оңайлатылған өндіріс тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотының судьясы А.О. Исабековпен 2016 жылғы 3 маусымда 44803 санды әскери бөлімнің Қ.С. Бектеновтен 114 247 теңге көлеміндей төленген сауықтыру жәрдемақысын мемлекеттің пайдасына өндіру туралы талап арызы бойынша оңайлатылған (жазбаша) өндіріс тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Іс бойынша сот талқылау өтіп жатқан кезінде жауапкердің әскери қызметтен теріс уәжесімен босатылғаны анықталды (әскери қызметшімен келісім-шарттың талаптарын жүйелі бұзу).

Есептесу анықтамасына сай, тепе-тең қызмет еткен мезгілі бойынша оның берешегінің қалдығы осы сома болып шықты.

Азаматтық кодексінің 953 бабына сай ол негізсіз алынған мүлікті талапкерге қайтаруға міндетті. Еңбек кодексінің 115 бабының 1 бөлігі бойынша қызметкердің жалақысынан қаражаттың ұстап қалуы сот шешімімен өндіріледі.

Талапкердің талабы сотпен заңды және дәлелденген деп танылып, толығымен қанағаттандырылылды.

Шығарылған шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі