Семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2 маусым 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотының мамандары арасында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің дайындаған облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта байланысы арқылы жолдауға жататын құжаттардың тізімін» талқылау мақсатында семинар сабағы өткізілді. 

Кеңсе меңгерушісі Ж.Ерубаева «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесіне» сәйкес, қарапайым хатпен, тапсырысты хатпен, тапсырысты ескертпе хатпен, арнайы байланыспен жолданатын құжаттардың тізбегін айтып берді.  

Ж.Ерубаева өз сөзінде, «Сот кабинеті» сервисі арқылы келіп түсіп, тіркелген арыздарға «Сот кабинеті» сервисі арқылы хабарламалар жіберілу мен БЭҚАБЖ хат алушыларына БЭҚАБЖ арқылы жолдау қажеттілігі түсіндірілді.

Семинар соңында кеңсе меңгерушісі кезекті рет сот қызметшілерінің назарларына Нұсқаулық талаптарын мүлтіксіз, бұлжытпай орындау қажеттігін жеткізді.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі