Медиация тәртібінде татуласу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

31 мамыр 2016 жылы Алматы гарнизоны әскери сотында, медиациялық тәртіппен Ұлттық Ұлан әскери қызметшісі сержант Б.Сақтағанға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сержант Б.Сақтаған 32363 әскери бөлімінде 2016 жылдың 3 мамырында өзіне жұмыс барысында бағынышты Ж.Оразбаевтың сол жақ көз тұсынан оң қолымен соққы жасаған. Ол осы іс-әрекетін жасау арқылы, Б.Оразбаевты кемсітіп онын намысын қорлаған. Ол, өзіне бағынышты әскери қызыметшілер арсында , өзінің жоғары екендігін көрсеткісі келген және ол осы іс-әрекеттерді өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасап, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жарғысын өрескел бұзған.

Сот отырысы барысында сотталушы және жәбірленуші Сотқа медиациялық тәртіппен қарау туралы келісім ұсынып, істі қысқартуды сұрады.

Алматы гарнизоны әскери сотының қаулысымен Б.Сақтаған қылмыстық жауапкершіліктен босатылды және медиациялық тәртіппен іс өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі