Сот шешімімен тұрғын үй жауапкерге қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Өскемен пайдалану бөлім» РММ-нің Д.Т.Жумакановты басқа үй берместен заңсыз тұрып жатқан қызметтік үйден барлық отбасы мүшелерімен қоса шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

«Өскемен пайдалану бөлім» РММ-сі өзінің талап арызында келесіні көрсетті: Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасымен тексеру барысында, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы талаптарының бұзылғандығы, атап айтқанда, қызметтік тұрғын үйді бөлу тәртібі бұзылғандығы анықталған. Өскемен гарнизонының тұрғын үй комиссиясының 28 сәуір 2011 жылы №239 хаттамалық шешімінің 8 тармағына сәйкес, Жаңа –Ахмер кенті 13 үй 3 пәтер,  қызметтік тұрғын үй ретінде, жауапкер Д.Т.Жумакановқа бөлінген. Алайда жауапкер тұрғын үйді бөлу кезінде, тұрғын үйге мұқтаж ретінде 63-ші болып кезекте тұрған.

Қызметтік тұрғын үйден шығару, егер тұлға баспананы өз бетімен немесе тұрғын үйді жалдау туралы келісім шартты жарамсыз деп таныған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Осылайша, жауапкер Д.Жумаканов қызметтік тұрғын үйге Өскемен гарнизоны тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімі мен  жалға алу келісім шарты негізінде қоныстанған. Яғни, Д.Жумаканов қызметтік тұрғын үйге өз  бетімен қоныстанбаған, оны және оның отбасы мүшелерімен қоса басқа тұрғын үй берместен шығаруға,  жоғарыда аталған Заңның 107 бабына сәйкес, негіз жоқ.

Өскемен гарнизоны әскери сотының шешімімен «Өскемен пайдалану бөлім» РММ-нің Д.Жумакановты тұрғын үйден шығару туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі